Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қызылордада дертке шалдыққан 9 жастағы алып қыздың салмағы 72 келі

123

«Салмағы күн санап өсіп бара жатыр. Оның жуындыру, көшеге шығару қиындап кетті. Үнемі қозғалыссыз отырады», – дейді анасы Гүлнәр Абдыхалықова.

Медициналқ анықтамада Дильназда тумысынан гидроцефалия, симптоматикалық эпилепсия дерті бары жазылған. Денесінің сол жақ қабілеттілігін жоғалтып, көзі бірден нашарлайтыны айтылған.

«Дильназ 2008 жылдан бері есепте тұр. Оған екі ота жасалды. Екі жыл бұрын Астанадағы нейрохирургия орталығының мамандары қарады. Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – дейді дәрігері Жазира Ережепова.

Балаға қандай көмек керек екенін түрік дәрігерлері біледі. Оларда арнайы аппарат бар. Алайда еміне 5200 доллар қаражат керек. Анасы мұндай қаржының жоғын айтып жылайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз