Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-23
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қызылордада 16 жасар қызды мыңнан астам еркек зорлаған

“НеМолчиKZ” қорының жетекшісі жәбірленушінің отбасына қауіп төніп тұрғанын айтты.

“Біз жағдайды дұрыс бағаламай отырмыз, қылмыстық іске 4 күдіктінің, олардың ата-аналары және мыңға жуық клиенттің қатысы бар. Клиенттерді күдіктілердің бірінің пәтерінде жезөкшелерге арналған сайт арқылы қабылдаған. Сондай-ақ қызды тапсырыспен сауналарға да апарған”, – деді құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, күдіктілердің туыстары қыздың ата-анасын улы газбен уландырамыз деп қорқытқан.

“Қазір олардың үйінің жанында үнемі полиция қызметкері тұрады. Алайда ол жәбірленушінің қауіпсіздігіне ғана жауапты. Ал анасын бүкіл қала біледі, ол өз өмірі үшін қорқады”, – деді Дина Таңсәрі.

“НеМолчиKZ” қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі қызды зорлаған алғашқы “клиенттің” ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері екенін де атап өтті.

Полиция департаментінің мәліметінше, қылмысқа қатысы бар мектеп оқушыларының ата-аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалып, ал кәмелетке толмаған күдіктілерге “үйқамақ” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз