Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қызылордада 1368 әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталды

Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары бұл мақсатта арнайы шаралар өткізіп келеді. Скринингтік тексерістің маңыздылығын тұрғындар арасында түсіндіреді. Биыл осы мақсатта «Ескерту – түзетуден оңай» ұранымен 10 күндік акция болып өтті. Ол жылма-жыл тұрақты түрде қолға алынып келеді.

Үстіміздегі жылы 22 мыңға жуық әйел тексеруден өтті. Олардың арасында 1368 нәзік жандыдан сүт безі қатерлі ісігі анықталды. Оның ішінде 70-і қатерлі ісіктің алғашқы сатысында тұрғандар екен.

«Жалпы, аурудың пайда болу себептерін зерттеп көргенде, оның төмендегі жағдайлардан туындағанына көзімізді жеткіздік. Әйелдер уақытылы тамақтануға назар аудармайды.

Сондай-ақ, сәбиді емізуді ерте тоқтатып, дене қозғалысына көп көңіл бөле бермейді», – деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Гүлзат Есболова.

Дәрігерлер осындай жағдайларға баса назар аудару қажеттігін айтады. Оны асқындырып алмай, ерте анықтауға мүмкіндік бар. Ол аурудың алдын алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз