Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қызылорда облысында цифрлық технологиялар дендеп келеді

1263

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңес барысында мәлім болды. Өңір басшысы Қырымбек Көшербаев айтып өткендей, соңғы жылдары аймақ экономикасының барлық салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар серпінді дамып келеді.

Соңғы бірнеше жылдан бері өңір экономикасының барлық салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үлкен қарқынмен дамып келе жатқаны байқалуда. Бұл дегеніміз – халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелері, цифрландыру мен жобалық басқару мәселелері. Мемлекеттік басқару ісінде бұл мәселелер қазір ең басым бағыттардың бірі болып отыр. Сол себепті, осы саланы нарық стандарттарына сәйкес ету мақсатында біз Қызылорда облысының сандық технологиялар басқармасын құрдық. Бұл басқарма – жеке мемлекеттік орган болып табылады. Сонымен қатар, өңірді цифрландыру жөніндегі жұмыстарды өзара тиімді үйлестіру үшін облыс әкімінің цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі деген жаңа лауазым аштық, – деді өңір басшысы.

Айта кетсек,

облыс әкімінің цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметіне Ақмарал Әлменова тағайындалған екен.

Ол кісі туралы азғантай дерек келтіре кетсек:

Ақмарал Байжанқызы 1989 жылы дүниеге келген. Қызылордадағы Қорқыт-ата атындағы мемлекеттік университетте «ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша оқу бітірген. Ресейдегі Новосібір мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде «информатика және есептеу техникасы» мамандығы бойынша магистратурада , сондай-ақ Татарстандағы Қазан федералдық университетінде «есептеу машиналарын, кешендерін және компьютерлік жүйелерді математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аспирантурада білім алған.

Техникалық ғылымдар кандидаты. 2014 жылдан бері Татарстан ғылым академиясында ғылыми қызметкер болған маман.

Қырымбек Көшербаев атап өткендей, жаңа басқармаға ерекше құзіреттер берілмек. Бұл ведомство облыстағы бірқатар салалық басқармаларға цифрлық технологиялар енгізу мәселелеріне қатысты тапсырмалар беруге құқылы. Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар құрамындағы басқа да мемлекеттік органдарға тапсырма береді.

Қазір халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтитын санатын және жұмыссыздарды жұмыспен қамту ісін заңдастыру мәселесі өткір тұр. Өйткені бұл іс – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі реформаларды сапалы жүргізумен тікелей байланысты.

Мәселенің маңызын есепке ала отырып, биыл сәуірде облыс әкімдігінде өткен отырыста бірқатар басқармалар мен әкімдерге заңдастырылған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санын 60–70 пайызға өсіру жөнінде тапсырма берілген болатын.

Биылғы жылдың басында облыс бойынша ондай әлеуметтік мәртебесі айқындалмаған 115 710 адам болған. Қазірге дейін олардың жартысы, немесе 59 416 адамның мәртебесі айқындалды. Қалған 56 294 азаматөзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен тіркелмеген жұмыссыздар.

Облыстағы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жетекшісі Талғат Дүйсенбаев атап өткендей, жыл басынан бері тіркелмеген жұмыссыздар үлесі 60 пайызға азайып отыр. 2018 жылдың жеті айының ішінде облыста 8046 жаңа жұмыс орны ашылған, әрі оның 96 пайызытұрақты жұмыс орындары.

Өңір басшысы атап өткендей, Қызылорда әкімі мен аудан әкімдері еңбек етемін деген халықты ең алдымен жаңа жобалармен қамтып, бизнес-идеяларды жүзеге асыруға гранттар ұсынуы тиіс. Өйткені

өңір бойынша алдағы бір жарым жыл ішінде жүз мыңнан астам адамды жұмыспен қамту міндеті тұр.

  • Еліміз бойынша Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылуда.

#ақпараттық-сандық жүйелер #сандық технология #цифрлық қазақстан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз