Қызылорда облысында Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі хабарлады.
Ресми мәліметтерге қарағанда, облыстық департамент басшысына қатысты тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті бастады.
2018 жылдың 4-қаңтарында департамент басшысының Қызылорданың ішкі істер басқармасының уақытша изоляторына қамалғаны айтылады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.