Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қызылорда облысында биыл 500 тонна күріш жиналды

346

Сонымен қатар, облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін сату нарығын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Қытайға жылына 5 мың, Түркияға 1 мың және Иранға 8 мың тонна күріш жіберу бойынша келіссөздер жүргізілді. Ұзақ жылдар бойы тұралап қалған бақша дақылдары экспорты да жанданды. Биыл қауын-қарбызды шетелге асыру көлемі 8 есеге артты. Яғни, өткен жылы 700 тонна бақша дақылдары экспортталса, биыл бұл көрсеткіш 5,5 мың тоннаға жетті.

Сондай-ақ, жуырда уақ малдың алғашқы партиясы Иранға жөнелтілді. Жыл аяғына дейін аталған елге 10 мың бас қой экспортталатын болады. Ал, болашақта аймақтан ет және ет өнімдерін сыртқа шығару көзделуде.

Ет экспортын одан әрі арттыру үшін облыста 2 ет комбинатының құрылысын жүргізу жобалары жүзеге асуда. Құс етін өндіру саласында да серпін бар. Қармақшы ауданында құс фабрикасы салынуда. Жылына 1500 тонна тауық етін шығаруға қауқарлы кешен келер жылы іске қосылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз