Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қызғаншақ әйел отбасын өртеп жіберді

166

Осы оқиғаға байланысты “қасақана кісі өлтіру”, “өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Навруз” махалласының 27 жастағы тұрғыны С.Т. 15 сәуірге қараған түні өзіне және екі баласы – 3 жастағы Шахрух пен бір жастағы Умардың үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Сұрқандария облыстық прокуратурасы қызметкерінің айтуынша, қайғылы оқиғадан бұрын әйел мен оның азаматтық некедегі күйеуі ұрсысып қалған.

– Ұрыс қызғаныштан болғаны тергеу кезінде анықталды. Соның салдарынан әйел екі литрлік бензин кәнистрін алып, өзін және балаларын өртеген. Милиция мен өрт сөндіру қызметіне өрт туралы көршілері хабарлаған, – деді прокуратура қызметкері.

– Екі бала келесі күні ауруханада қайтыс болды, өйткені олардың денелері түгел күйіп қалған. Әйелдің денесінің сексен пайызын күйік шалған, қазір ол ауруханада жатыр. Азаматтық некедегі күйеуінің денесінің он бес пайызы күйген, ол да ауруханада. Тергеушілер қайғылы оқиға себептерін анықтап жатыр, – деді облыстық прокуратура қызметкері.

“Навруз” тұрғындарының бірінің айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі басқа бір қызға үйленгелі жатыр дегенді естіген әйел осындай қадамға барған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз