Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Қыздық пердесі жоқ”. Алматылық оқушы қыздың тағдырына алаңдаулы заңгер дабыл қақты

628

Таңсәрінің сөзінше, туыстарынан зорлық көрген қыз осы оқиғаны айтқан әйелдің немере қызы. Қыздың әкесі 2012 жылы қайтыс болған, 2014 жылдан бастап ол әжесімен бірге тұрады.

 

 

https://kaz.365info.kz/8-akh-zhasta-almaty-oblysynda-internat-tarbieshisi-naukhas-balany-khinap-oltirgen-308357

Қыздың зорланғаны туралы оқиға 2014 жылдың аяғында белгілі болды. Ол қатты ауырып, гинекологқа тексертуге апарған. Дәрігер оның қыздық пердесі ашылып кеткенін анықтады. Ультрадыбыстық тексеруден қыздың ішкі ағзалары мен жатырына зақым келгені байқалған.

“Зорланғаны туралы анықталған кезде, қыз анасының үйінде тұрғанда болған сұмдық оқиғаны есіне түсірді. Шешесі қызына екпе жасап, бір жаққа апаратын болған. Оның есінде тек қақпадан кіргені және өзінің төсегінде оянатыны қалған. Шешесі қыздан “Түнде не болғаны есіңде ме?” деп сұрайтын болған.

Бірақ қыз ештеңе есіне емес екенін айтқан. Осыны естіген әжесі қызының немересін педофилдерге апаратынына күдіктенген. (…) Қыз анасының ер адамдар көп белгісіз пәтерлерге апарып, оларға арақ құюға мәжбүрлегенін айтқан. Шешесі оған сол ер адамдардың қалтасынан қалай ақша ұрлау керегін де үйреткен”, – деп жазды Таңсәрі.

https://kaz.365info.kz/nagyz-maskhara-whatsapp-tagy-myna-videony-taratkhan-kim-308362

Әжесінің айтуынша, қызды 9 жасында анасының інісі зорлаған болып шықты.

“Қыста ол мектептен келіп, киімін ауыстырып, далаға шығып кетті. Сол кезде қызды бір ер адам шақырып, қолын байлап, сарайға апарған. Қызды сарайдың бұрышына жатқызып, зорлап, байланған күйінде сол жерге тастап кеткен. Қыз біраз уақыт жылап, қолындағы жіпті шеше алмаған.

Кейін қалай да жіпті шешіп алып, киімін киместен үйге кірген. Бала қатты қорқып қалған, қан аяғына дейін аққан. Ол төсекке жатып, киімін киместен сол күйінде ұйықтап қалған. Кешке анасы келеді. Қыз үстіндегі көрпені ашып анасына аяғын көрсетіп, болған оқиғаны айтып берген. Анасы “Ешкімге айтпа, әйтпесе сені ешкім жақсы көрмей қалады”, деген. Қыз оның айтқанына төзіп жүрген”, – құқыққорғаушы өзіне айтылған оқиғаны осылай жеткізді.

Осыдан кейін полицияға арыз жазылып, іс 3 рет жабылған, бала 6 рет сараптамадан (медициналық, психологиялық) өткен.

Әлі күнге дейін анасы аналық құқығынан айырылмаған. Оның зардап шеккен қызынан бөлек, екінші қызы бар.

“Әжесі қызды қамқорлығына алып алған. Бірақ патронаттық ақша және көмек алмайды. Олар зейнеткер болғандықтан, дәрі-дәрмекке көп ақша жұмсайды. Дәріге айына 100 мың теңге кетеді екен.

Полиция қыздың куәліктерін жеткіліксіз деп санайды,

бірақ психологиялық сараптама баланың оқиғаны ойдан құрастырмағанын анықтады. 

Тергеуші психологиялық сараптаманы қабылдамады, «жалған детекторды» қабылдамады, бейнежазбамен және психологиялық бағаны қараудан бас тартты. Түркісіб аудандық ІІБ істі жапты. Кейін, әжесінің арызы қалалық ІІД-де қайта қаралды“, – дейді Таңсәрі.

Қазіргі уақытта іс балалар құқығын қорғаушы Зағипа Балиеваның бақылауында. Бас Прокуратураға, ІІМ мен БжҒМ-не тергеудің мұқият өтуі сұралып, хат жіберілді.

 

 

 

 

https://kaz.365info.kz/pavlodarda-balasyn-sabap-tasta-an-kelinshek-yzyn-k-ruge-kelmegen-foto-234971

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз