Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

“Шынымен сондай ма?”. Сарапшы орыстан әйел алған Кәрімовтің қателігін жайып салды

167

Біз қателесіп келдік. Осы күнге дейін Өзбекстанның марқұм президенті жүргізіп келген саясатқа тамсанумен болдық. Дегенмен, көп нәрсені білмедік. Хабарсыздық едік, себебі. Өзбекстанның экономикалық саясаты мүлде қате еді.

Неге?

Себебі, Кәрімов өте таяз ойлайтын қайраткер болды. Ол нарықтық реформа жасамады, керісінше нарықтың көріністерімен күресті. Нәтижесінде Өзбекстан Ішкі Жиынтық Өнімі Қазақстаннан 4.2 есе кем болып шықты.

https://kaz.365info.kz/g-ln-r-k-rimova-adiri-di-kesh-t-sindim-ke-223929

Қазақстандағы Назарбаев пен Қажыгелдиннің реформалары 1990-жылдардың ортасында сәтті болып, біздің ел нарықтық қатынастарға көп кідірмей өте білді. Орыс, украин, немістердің өз ата мекендеріне  үдере көшуінен Қазақстан жұртшылығы біраз азайып қалды. Бұл біздегі реформалардың «шоковая терапия» әдісімен жүргенінің куәсі. Халық тұрмысы сол жылдары қатты төмендеген.  Колхоз-совхоздар ыдырап, фермерлік шаруашылық және агрокорпорациялар пайда болды. «Артық жұмыс қолдар» Ресей, Германия, Украинаға көшіп жатты.

Экономикалық реформалардың нәтижесінде : 4 миллиондай басқа ұлт өкілдері елден кетті, есесіне 1  миллиондай қазақ көшіп келді.

Кеңес Үкіметі дәуірлеп тұрған тұста 1970-жылдардан бастап демографиялық жолмен қазақылана бастаған Қазақстан егемендік жылдары қазақтың этнодемографиялық  басымдылығына жетті. Өкінішке орай, сол тұстан бүгінгі күнге дейін  билікте орысшылдар отыр. Олар ұлттық үрдістерді тежеп келеді.

Қазір Өзбекстанда халық саны 32 миллионға  жетті, ал Қазақстанда жұртшылық саны 18 миллион болды. Мұның 71 пайызы , яғни 13 миллионға жетер жетпесі ғана қазақтар.

Нарықтық қатынастарды тоқтату мүмкін емес еді. Колхоздар тарағанда көптеген адам жерсіз және жұмыссыз қалды. Сол себептен 5 млн өзбек Ресейде қаңғып жүр. Өзбекстандағы орыстар мен қырым татарлары (300 мыңдайы) Украина мен Ресейге қашты, соңынан қарақалпақтардың (150 мыңдай) біраз бөлігі Қазақстанға көшті. Тегі қазақ кейбір өзбектер «қазақпын» деп елімізге оралды.

Қазақстандағы өзбектердің бір бөлігі  Өзбекстанға көшіп барғанымен, жерсінбей қайтып оралды.

Қазір біздің өзбектердің бизнесі Қазақстанда жақсы жүріп тұр. Бір бай бизнесмен өзбегіміз Өзбекстанда бірнеше алдынғы қатарлы үй сатып алған екен, оған бірде бір баласы тұрғысы келмепті. Қарақалпақ  өз алдына жеке Ұлт пен Ел бола алмады. Олар бүгінде “үлгілі ұлт” – қазақ болғысы келді. Кезінде Нүкісте үлкен сот процесі өтіп, қазақтыққа қайтқандарды ұстады. Бұл үрдістің позитивтік жағы мол болды: Қазақстанға келген барлық қазақтың алдымен 61 пайызы, ал кейіннен 64 пайызы Өзбекстаннан келгендер. Мәселен, Қаскеленде кезінде қазақ аз болатын, кейіннен қарақалпақтар бұл елді мекенді қазақыландырып жіберді.

Өзбекстанның  қышлақтарында өзбектердің Ресейге жаппай көшу үрдісінен еркек кіндік қалмады. Олар латын әліппесін енгізді, бірақ халық оны қабылдамады. Кәрімов – империяшыл. Ол Әмір Темірді қолдап, Қырғызстанда және Тәжікстанда өзбек сепаратизмін тұтатып, өзбектерді отқа салды. Мәселен, Тәжікстанның Ленинобад облысының көп жерін жергілікті сепаратистер әскери қадағалауға алған. Бірақ Тәжікстандағы Ресейдің әскери қосындарының көмегімен бүлікті тәжік үкіметі талқандады.

https://kaz.365info.kz/lolazhan-deushi-edi-tanymal-zhurnalist-islam-karimovtin-konildesi-bolgan-ba-foto-255875

Бүлікшілердің әскери қосындары және біраз бейбіт өзбектер Өзбекстанға қашты. Кейін олардың біразы қарулы экстремистік топтар құрып Кәрімовтің өзіне қарсы әрекет жасады. Өзбекстанда исламизммен күреспек болып, сақалмен күресті. Бір қаладан бір қалаға көшуге рұқсат болмады.

Адам ретінде Кәрімовтің өзі мықты болған жоқ.

Орысқа үйленді, қыздары – көргенсіздеу болып өсті және күйеу балаларымен қосылып елдің байлығын ұрлаумен айналысты.

Әзімбай Ғали

https://www.youtube.com/watch?v=AJo5biHGS-4

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз