Қазақпыз ғой! Көлік мінсек, таксовать етпей жүре алмаймыз. Кеше мынадай қызық болды:
Кредитке алған жаман “Ладамыз” бар. Күйеуім кешкісін жұмыстан шығып, мені де жұмыстан үйге ала қайтады. Ескі әдетіміз бойынша, үйге құр бармай, “бензин болсын” деп, жолай таксовать етеміз.
“Адам мінсін” деп, күйеуім мені артқы орындыққа отырғызып, тығып тастайды.
Сөйтіп, кеше жолдан көлігімізге жұтынып тұрған жап-жас қыз мінді. Мініп алып, менің күйеуіме сызыла қарады:
– Аға, бірінші мына кісіні апарып тастайық та, деп артта отырған мені меңзейді.
О, шешек! «Шок» болдым. Сонда мені апарып тастап, күйеуіммен бірге кетпек.
–Әттең-ай, қарындас! Ол кісі — маған жабысып қалған, “құтылмайтын клиентім” ғой, демесі бар ма, қалжыңбас күйеуімнің.

kinopoisk.ru
Аян Мырзабек