Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері әлеуметтік желілерде Қытай азаматтары үшін визаның алынып тасталатыны жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдері Қытаймен визасыз режим болатыны жайлы мәліметті жалған деп атады.
“Қазақстан Қытаймен визасыз режим жайлы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Мессенджерлерде Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізілетіні жайлы мәліметтер жалған”, – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілдері.
“Жан-жакты ынтымақтастық пен екі тараптың мүдделеріне құрмет білдіру негізінде осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр”, – деді ведомство өкілдері.
Ват-сап арқылы тарап жатқан мына видеода әйел адамның дауысын естуге болады. Ол:„масқара, не болатын болды, не істейміз„ деген үрей туғызатын сөздер қолданады. Бірақ айтқанын растайтын нақты факті айтылмайды.