Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қытайға жер бермейік! Бақа-шаянның өзі мутантқа айналған” – қазақ кәсіпкері

166

Жолдыбай Ошырбайұлы

“Білесіз бе, мен Қытайға азық-түлік тасып жүрген аз кәсіпкердің бірімін. Қытайлар таза азық-түлікке сусап отыр. Бұл жақта бәрі химия. Адам жейтін азықтың барлығы химиялық тыңайтқыштармен үздіксіз «құнарландыру» салдарынан өзінің табиғилығынан айырылған” дейді ол.

Деликатес

Қытайлар Қазақстанның келетін азық-түлікті осылай бағалайды.

“Деликатес келді дейді” екен.

Жолдыбай Ошырбайұлының айтуынша, Қытайдың егін алқаптары «дәрі-дәрмексіз» өмір сүре алмайтын күйге түскен.

“Қытайда астық өндірісі көп өнім алуды ғана мақсат тұтқандықтан, егін алқаптарын әртүрлі тыңайтқыштармен «құнарландырып» отырады. Мысалы, биыл 1 гектар жерге 100 келі тыңайтқыш сепсе, келер жылы оны көбейтіп отырмаса, астықтың өнімділігі азаяды. Соңғы 30 жыл бойы Қытайдың атыздары түрлі дәрі-дәрмекпен уланып болды. Соның кесірінен, егін алқаптары «дәрі-дәрмексіз» өмір сүре алмайтын күйге түсті.  Ал одан алынатын астық та «мутант», яғни, өз табиғилығын жойған. Бұл қазір Қытай үшін ең үлкен қауіп, – дейді кәсіпкер.

Сарапшының сөзінен не аңғардық?

Түсінгеніміз, Қытайға жер беруге болмайды. Бүлдіреді. Өз жерін бүлдірген сияқты. Бөтен елдің жерін, тіптен, аямайды.

“Біз өз мүмкіндігімізді білмейміз”

Сарапшының пікірінше, Елбасы азық-түлік экспорттауды тапсырған екен, ендеше, негізгі күшімізді Қытайға бағыттауымыз керек.

Бірақ, бұл үшін не істеу қажет?

Біріншіден, Еуразиялық одақтың экспорт саласына кесірін тигізетін кейбір түйткілді шарттарын қайта қарау керек. Жоқ, рас.

«Одақ құрамындағы елдерге азық-түлік тасығаннан түк пайда жоқ.

Осыдан біраз жыл бұрын Ресейге жылына 60 мың тонна ет экспорттаймыз деп жоспарлағанбыз. Сол орындалды ма? Жоқ.

Бір Беларусьтің өзі күллі Ресейді асырап отыр…», – дейді кәсіпкер.

Жер иеленушілер мемлекет есебінен күн көре ме?

Тағы бір ұсыныс:  еліміздегі егін алқаптарын монополиялап алған ірі жер иеленушілердің жұмысын жіті қадағалап, өнімділіктері төмен, тек мемлекет беретін субсидиямен күн көріп отырса, жерін қайтарып алған жөн.

“1 млн. гектар жерді бір «помещиктің» қолына бергеннен ауылшаруашылығы дамымайды. Сол ірі шаруа қожалықтары еккен егіннің күзде уақтылы жиналмай, қардың астында қалғанын жылда сөз етеміз. Олар сонда не үшін егін егеді? Субсидия үшін! Көрдіңіз бе? Өкініштісі, біздегі субсидия, мемлекеттік көмектің бәрі соларға бағытталған”, – дейді ол.

Қытайға экспорттау қауіпті емес пе?

Көпшіліктің көңілінде осы сұрақ бар екені шын. Қытай фобиясы әр нәрседен күдіктенуге себеп болып отыр, өйткені.

Олар күні ертең қазақ жеріне тағы да көз алартса қайтеміз?

Кәсіпкер Қытайға жерді жалға беруден елге түк пайда жоқ, одан да оны өзіміз игеруге міндеттіміз деген пікірде. Ол халық қазақ жерін Қытайға жалға бермеу туралы эмоционалды қарсылық білдірді деп есептейді.

“Егер

қарапайым жұртшылық жердің емшегін еміп, одан пайда таба бастаса, онда жай ұранға емес, өздерінің мүддесін көздеуге ұмтылады.

Эмоционалды қарсылықтан, мүдделік қарсылық әлдеқайда тегеуірінді әрі пайдалы болады. Бұл – құр айғайдан гөрі, әлдеқайда пайдалы отаншылдық болар еді.  Халық ондай деңгейге жеткен кезде сырттағылар жерімізге көз алартпайды, керісінше, сапалы өнімді сатып алуға ұмтылады. Тең дәрежеде пікірлеседі», – дейді кәсіпкер.

Ішім-жем неге қымбат?

Жолдыбай Ошырбайұлының айтуынша, бұл салада өндірушілер арасында бәсеке жоқтың қасы. Қалталы кәсіпкерлер ақшаларын ауылшаруашылығына құйғысы келмейді. Себебі бұдан түсетін пайда оларды қанағаттандырмайды…

“Біздің психологиямыз сондай, тез әрі жылдам баюды көздейміз.

Шын мәнінде, ауыл шаруашылығымен жүйелі айналысып, одан түскен өнімді уақтылы сатып, яки, өңдеп, базарға шығарар болсаңыз және бұл кәсіппен ұзақ жылдық жоспар құрып айналыссаңыз, еш ұтылмайсыз. Мемлекет ауыл шаруашылығына бейімі бар шаруаларды үнемі ынталандырып, тіпті, керек болса, арнайы оқытып, кәсіп бастауына мүмкіндік жасаса, құба-құп болар еді. Бірақ, қазіргі жағдайды өзіңізді де білесіз… Президент осы жолғы Жолдауында “ауыл және қала халқы бизнес үшін 16 миллион теңге ала алады” деді.

Мәселе осы ақшаны оңды пайдалана аламыз ба? Әлде, тағы да дүкен мен тойхана ашып тастаймыз ба?

Үміттен, күдігім көп” дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз