Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қытайдың Ухань қаласында мыңдаған адам қатысқан сауық кеші өтті

471

 

Демалыс күндері мыңдаған адам Ухандағы Майя деген аквапарктің жағажайына келді. Олар қатты музыкамен билеп, үрлемелі шеңберлерде жүзді, деп жазады BBC News. Сонымен қатар, ешқандай қорғаныс құралдары туралы да әңгіме болған жоқ. Маска кимеген қатысушылар мен қонақтар бассейнге топ-топ болып түсті. Қызықты кештің видеосы әлеуметтік желіде бірден  таралып кетті. Кадрлардан демалушылар қаншалықты көп екенін көруге болады, тіпті олардың арасынан өту  мүмкін емес.

Желі қолданушылары болып жатқан оқиға туралы өз пікірлерін айтуға асықты, өйткені нақ осы Уханнан өлім пандемиясы басталған еді. Фестивальден түсірілген видео  қаладағы жарты жыл бұрынғы өмірге қайшы келді. Ол кезде вирус жұқтырған және қайтыс болған адамдарды тікелей көшелерден алып кеткен еді, ал қазір Уханьда өмір мерекесі өтуде.

Австралия ұлттық университетінің медицина доценті Санжай Сенанаяке қала тұрғындарының көпшілігі коронавирусқа тестілеуден өткенін атап өтті. Бірақ вирустың басқа көздерден ену қаупі әлі де бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз