Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қытайдан келген оралман-ана Гүлжан Мәуітханға ақшасы қайтарылды

Күні кеше бұл істің қысқартылғаны туралы хабарласақ, бүгін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы оралман-анаға ақшасы толығымен қайтарылатыны туралы сүйінші хабар жеткізді.

“Үстіміздегі жылғы 4-сәуірде Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға орламан ретінде көшіп келген Гүлжан Мәуітханнан шекараның кеден бекетінде декларацияда көрсетпеген 40 000 АҚШ доллары алынған. Гүлжан Мәуітхан Қытайда өз үйін сатып, осы қаражатқа Астанадан үй сатып алмақшы болған. Ол шекара арқылы ақшалай қаражатты өткізу ережелерін білмегенін түсіндірген.

Нәтижесінде, «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Зайсан аудандық соты Гүлжан Мәуітханды кінәлі деп танып, 40 000 АҚШ долларын мемлекет пайдасына алу туралы шешім шығарған.

Алайда апелляциялық сатыда сот ісін жүргізудің тілі туралы талап сақталмағандықтан шешім бұзылған.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы осы істі мұқият зерделеп, Гүлжан Мәуітханның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмағанын анықтады,

себебі, Гүлжан Мәуітхан Қытайдан ақшалай қаражатты құпия түрде әкелу ниеті болмаған деген қорытындыға келді.

Мұндай шешім қабылдауға – егде жасында Қытай елінен атамекені Қазақстанға қайтуын мақсат етіп, өмір бойы жинаған дүние мүліктерін сатып, оралман мәртебесін алып,

еліне оралған Г.Мәуітханды «экономикалық контрабанда» жасады деп айыптап, оның 40 000 АҚШ доллары қаражатын тәркілеудің әділетсіз екендігі негіз болды,”

– делінген хабарламада.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз