Интернетте дроннан түсірілген видео пайда болды: көздері мен қолдары байланған адамдар тобын полицейлер әкетіп барады, деп хабарлайды The Guardian. Периметр бойынша қолында қаруы бар полицейлер тұр. Видеодағы адамдар, болжам бойынша, Синьцзяндағы этникалық лагерьлердің біріндегі тұтқындалғандар.
Австралиялық стратегиялық саясат институтының халықаралық кибернетикалық саясат орталығының зерттеушісі Натан Руссердің болжамы бойынша, видео Қорладан (Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Баян-Гол-Моңғол автономиялық округіндегі қалалық уезд) батысқа қарай темір жол станциясында түсірілген.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округінде “саяси тәрбие орталықтарының” құрылғаны туралы хабарламалар белсенді түрде тарай бастады. Белсенділердің айтуынша, оларда миллионға жуық ұйғырлар мен басқа да мұсылман этникалық азшылықтар, соның ішінде қазақтар бар.
Қытай орталықтарды кәсіби оқыту орны деп атайды және олардың мақсаты — экстремистік ойлау мен зорлық-зомбылықтың алдын алу деп мәлімдейді. Батыс елдері Қытайға орталықтарды жабуға шақырды.