Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қытайда Қазақстанның білім күндері өтіп жатыр

Қазақстан алдағы уақытта Орталық Азияда білім хабын құруды жоспарлап отыр. Сондықтан өзге елдермен бұл саладағы әріптестікті нығайтуға бар күшін салып жатыр. Биыл әлемнің 7 мемлекетінде Қазақстанның осындай білім күндері өткізілді. Ал іргелес жатқан Қытай Халық Республикасымен байланыс тіптен тығыз.

Зульфия Төребекова, «Халықарылық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті:

– Жалпы бүгінгі күні Қазақстанда 13 мыңға жуық шетел азаматы білім алатын болса, олардың 1700-і осы Қытай елінен келген азаматтар. Біздің қазақстандық азаматтардың 13 мыңға жуығы дәл сондай санда Қытайдың ЖОО білім алып жатыр.

Білім саласындағы әріптестіктің табысты нәтижесі көп күттірген жоқ. Қазақстанның мыңдаған жасы Қытайдың озық университеттерінде білім алып, мықты мамандықты меңгерді. Қазір ел игілігі үшін еңбек етіп жатыр. Стратегиялық серіктесіміздің студенттері де қазақ тілінде сөйлеп, болашағын біздің елмен байланыстырғысы келеді.

Чжоу Вэньцинь, Орталық ұлттар университетінің студенті:

– Мен орталық Отырар университетінде қазақ тілі мен әдебиетін оқимын. Биыл жазда, биыл жаз маусымында мен Шыңжаңға барып, қазақ тілі практикасын жасағанда көптеген апай, ағай және қазақ достарыммен бірге көңілді сәттерді өткіздім. Оқуды бітірген соң Қазақстанға баратын ойым бар.

Қытайдың үлкен қалаларын аралап жүрген делегацияның құрамында қазақстандық 20 жоғары оқу орнының басшысы бар. Олар бұл шара арқылы көршілес елге өз мекемесінің әлеуетін таныстыруға мүмкіндік алды. Әріптестерімен қол алысып, болашақтағы істердің жәй-жапсарын талқылады.

Әбдімүтәліп Әбжаппаров, Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры:

– Осы ынтымақтастықтың арқасында біз Қытай Республикасының жоғары оқу орындарымен келісімшарттарға қол қойып, студенттермен алмасу, ұстаздармен алмасу, ортақ ғылыми жобалар жасау, қос дипломды білім беру шараларын келісіп жатырмыз. Алғашқы күндердің нәтижесі өте жақсы.

Қазақстанның білім күнін Цзиньхуа университетінде де өтті. Бұған дейін делегация Шанхай қаласындағы Фудань жоғары оқу орнында екі күн болып, дәл осындай шаралар ұйымдастырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз