Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясында жауған қалың қардан 3-қаңтардан бері 13 адам көз жұмды.
Аньхой провинциясы қалың қар мен қатты желден көп шығынға батуда. 2008 жылдан бері ауа-райының күрт құбылуына байланысты 1,6 млн адам зардап шеккен. Келген экономикалық шығындар 1,26 млрд юанға (190 млн АҚШ доллары) бағаланып отыр.
Айта кетейік, қалың қар құрсауына Қытайдың Цзянсу (Шығыс Қытай), Хэнань, Хубэй, Хунань (Орталық Қытай) және Шэньси (Солтүстік-Батыс Қытай) провинциялары қалып отыр.