Димаш Құдайберген анасымен бірге Ақтөбедегі Халыққа қызмет көрсету орталығында (ЦОН) бой көрсетті.
Бұл туралы “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
“Келушілер мен қызметкерлер қолтаңба алып, атақты жерлестерімен бірге естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Димаш ХҚКО-ға шетелге шығу төлқұжатын рәсімдеуге келді”, – деп жазды ол.