Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қытайда Димаштың видеолары ашылмай, жанкүйерлерден маза кетті

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Димаштың әндерін тыңдай алмай жатқандықтарын, оның видеолары ашылмай тұрғандығын жарыса жазған. Кейінірек бұндай жағдай не себепті орын алғаны белгілі болды.

Ifeng.com сайтының хабарлауынша, «Хунань ТВ» телеарнасының сайты мен «Iqiyi.com» сайтында «Singer-2017» байқауының алғашқы V кезеңінің толық видеолары бұғатталған. Оған байқау қатысушысы Тән Жинь есімді әншіге байланысты оқиға себеп болған делінеді. Бірақ бұдан артық тыңғылықты ақпарат жоқ.

Бұл екі сайт – байқаудың бейнекөрсетілімін негізгі таратушы ақпарат құралдары. Сайттар Тән Жиньнің видеоларын шектеу мақсатында толық нұсқадағы видеоларды да бұғаттаған. Оның ішінде қазақстандық Димаш Құдайбергеннің де өнер көрсеткен сәті қамтылған. Жанкүйерлердің жаппай жазып жатқан пікірлері осы оқиғаға байланысты болса керек. Ал, басқа әншілердің жеке өздері ғана түсірілген бейнероликтерін көруге шектеу қойылмаған.

Айта кетейік, Тән Жинь аталған байқаудың ІІІ және V кезеңдерінде I-орын алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз