Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қытайда Азаттық Армия атынан қазақтан тұңғыш депутат сайланды

Жарияланған депутаттардың толық тізіміне Қытайда тұратын қазақ ұлтының 6 өкілі кірді. Олардың бесеуі Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен, біреуі Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде сайланды.

Айта кетейік,

Қытай Халық-Азаттық Армиясының өкілі ретінде қазақ депутатының сайлануы Қытай тарихында тұңғыш рет тіркеліп отыр.

Ал бұған дейінгі 12-шақырылымға Шыңжаң өлкесінен 5 қазақ депутат сайланған болатын.

Еске сала кетсек, 24 ақпан күні Бүкілқытайлық халық құрылтайының 12-кезекті тұрақты комитеті барлық 2980 депутаттың тізімін бекітті. 13-шақырылым өкілеттігі 2018 жылғы наурыздан 2023 жылға дейін созылады. Дауыс беру ел бойынша ашылған 35 сайлау учаскесінде жүріп, Қытайда өмір сүретін 55 ұлттан 438 депутат сайланды. Бүкілқытайлық халық құрылтайы 13-кезекті тұрақты комитетінің бірінші жалпы мәжілісі 5 наурыз күні Бейжің қаласында өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз