Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-7
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Қытай несиелерін алу керек, бірақ оларды ұрлауға болмайды — Кәрібжанов

185
Айдан Карибжанов. Фото – kapital.kz

Әлемдік дағдарыстың жақындауы аясында тереңдеп бара жатқан экономикалық тұрақсыздық және ресейлік санкциялардың кеңеюі Қазақстанның жаңа үкіметінің алдына күрделі міндеттер қояды.

Санкцияларды түсіну оңай емес

Экономист және қаржыгер Айдан Кәрібжанов санкциялар Ресейге қиындық тудырып жатқанына қарамастан, бұл әсер асыра бағаланған деп есептейді:

– Иә, санкциялар болашақпен байланысты Арктикадағы жаңа жобаларға тыйым салуды қамтиды. Бірақ Ресей Федерациясы үшін қазір мұнай экспорттау мүмкіндігін шектемейді. Яғни санкциялар жеткілікті таңдамалы.

Ресей инвесторларының өзі кейде түсінбей жатқанда, оны Астанада — Мәскеуден, Вашингтоннан немесе Брюссельден мың шақырым қашықтықта отырып мұны бағалау одан да қиын. Бізде үкіметте Ресейге қатысты шетелдік санкцияларды зерттеу бойынша департамент жоқ. Бірақ менің ойымша, соғыс жағдайында сияқты,

қазақстандық үкіметте санкцияларға қарсы әрекет дайын болуы тиіс

Бұл жеке салалар аясында әзірленуі тиіс, – деп атап өтті ол.

Осал секторлар

Кәрібжановтың айтуынша, Қазақстанда ресейлік санкциялардан зардап шегетін екі сектор бар.

— Біріншіден, мұнай-газ. Біздің көмірсутегіміздің басым бөлігі Еуропаға Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) арқылы экспортталады. Егер санкциялар Ресейдің энергосекторына тарайтын болса, бұл бізге өте қатты соққы әкеледі. Бірақ, екінші жағынан, біздің инвесторларымыздың қатарына

ірі мұнай өндіруші компаниялар — Chevron, Mobil кіреді. Оларға өздеріне санкция салудың маңызы жоқ

Қауіп төнуі мүмкін екінші сектор — қаржылық. Оған әлемдік қаржы жүйесімен байланысты белгілі бір тәуекелдер туындауы мүмкін. Қазақстан банктері Венесуэла тарихын қайталамас үшін назарды күшейтуі қажет, — дейді экономист.

Жалпы, оның айтуынша, антиресейлік санкциялар қазіргі таңда Қазақстанға жанама ғана әсер етіп жатыр: елеулі әсер жоқ.

— Қытайдың жетістіктері мен елеулі экономикалық реформалардың болмауы аясында санкция біз үшін елеусіз шу болып отыр,

бұл өзгерістерге қабілетсіздікті біршама жасырады, – деп есептейді Кәрібжанов.

Қытай инвестициялары: жамандық па, жақсылық па?

Оның айтуынша, Қытай бүгінгі таңда Қазақстан үшін басты серіктес. Дегенмен, әлемнің басқа елдерінің 90%-ы үшін де.

— Синофобия тек Қазақстанда немесе көршілес елдерде ғана емес. Мысалы, Канада сияқты дамыған мемлекеттерде де бұл орын алып отыр. Синофобияны басқару, оны бақылау және басу жолдарын табу керек. Қытаймен қарым-қатынаста болатын қарыздық басыбайлылыққа келетін болсақ, мәселе ақшаны кім беретінінде емес, оларды кім алатынында. Иә, қарыз алу керек — бұл бизнес үшін де, инфрақұрылымды дамыту үшін де қажет. Және

егер қытайлық ақшаны ақылмен игеретін болсақ, инфрақұрылымды дамытуда айтарлықтай серпіліс жасауға болады

Ал егер Қытай ақшасын алып, жартысын ұрлап, үш есеге қымбат бірдеңе салсақ, онда бұл тығырыққа апарар жол. Және мұндай жағдайда қытайлықтар кінәлі болмайды, — дейді Айдан Кәрібжанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз