Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қытай коронавирусы әлемдік туризмді тақырға отырғыза ма?

254

Сарапшының пікірінше, көлік коллапсы вируспен күрестің алғашқы салдары болмақ. Одан кейін әлемдік туристік индустрияға кері әсер етеді. Мұның бәрі миллиардтаған шығынға әкеледі.

Талдаушы алдыңғы эпидемияларға қарағанда (2002 — атипиялық пневмония, 2009 — шошқа тұмауы, 2013 — құс тұмауы), бұл жолы Қытай билігі эпидемия ауқымын жасыра алмады. Әлеуметтік желілер ғасырында бұл мүмкін емес. Сондықтан Ухань қаласын, кейінірек Хубэй провинциясының барлық ірі қалаларын жабу туралы шешім қабылданды.

“Уханьді оқшаулау кезінде көлік коллапсын тудырмау мүмкін емес болды. Көктем мерекесі кезінде мәселенің ауқымы бірнеше есе өседі. Қазірдің өзінде ел ішіндегі жолаушылар тасымалының соңғы он жылдықта болмаған құлдырауын байқауға болады. Мереке кезіндегі жаппай көші-қон қытайлық көлік компаниялары үшін және бірінші кезекте жоғары жылдамдықты теміржол жолағы операторлары үшін “алтын апта” болатын. Әлбетте, мұның салдары миллиардтаған қаржы шығыны болады”, — дейді Антон Бугаенко.

Қытай туризмі Қазақстанға қауіп төндірмейді

Карантиннен зардап шегетіндердің қатарында туризм де бар. Бұл жекелеген елдерге ғана емес, жалпы әлем туризміне қатысты. Қытай ЖІӨ-нің 11%-ын алатын туристік саладан бастап қытайлықтар арасында сұранысқа ие Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа және АҚШ-қа дейін.

Ашық көздерден алынған ресми деректер бойынша,

2018 жылы қытай туристері 149 млн сапар жасап, шетелде $130 млрд қалдырған

Бұл қаражаттың айтарлықтай бөлігін олар жаңа жылдық каникул кезінде жұмсады. Қытайлықтар, сонымен қатар, екінші “алтын апта” — ҚХР құрылған күніне арналған мерекелік демалыста (1 қазан) көп шығындалады. Осы екі “алтын аптадағы” қытайлықтардың көші-қоны әлемдік экономикаға зор үлесін қосып келген.

Қытай жұмысшыларының демалыстары өте қысқа болатындықтан (1-2 апта), олардың осы мерекелік кезеңдерден басқа қыдыратын уақыты жоқ. Сондықтан, сарапшы атап өткендей, қытайлықтар баратын барлық негізгі бағыттарында табыстың төмендеуін күту керек.

“Алайда Қазақстандық туристік индустрияға бұдан қауіп төніп тұрған жоқ. Өйткені Қытайдан келетін туристердің саны аз. ЭКСПО-2017 өткізілген жылы елімізге 95 мың қытай туристі келген, ал келесі, 2018 жылы туристер көп келетін елдердің ішінде Қытай тіпті алғашқы бестікке енбеген. Бұл ретте қытай туристерінің саны 51 мың адамға дейін қысқарды. Әрине, соңғы жылдары Еуропаға ұшатын ҚХР азаматтарының транзиттік ағыны өсті. Тек осы тасымалдау сегментінде қиындықтар күтіп тұр”, — дейді Бугаенко.

Бірақ сарапшы бұған аса алаңдамау керек деп есептейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Уханадағы коронавирусты жаһандық төтенше жағдай деп есептемейді. Ал

Қытай билігінің радикалды іс-әрекеттері індет ауқымын ұлғайтпау үшін жасалған

“Қытай ғалымдарының пікірінше, індет наурыз айына дейін жалғасады. Ең пессимистік болжамдар бойынша — мамыр айына дейін. Әзірге сырқаттанғандардың саны әдеттегі эпидемия көрсеткіштерінен аспайды. Ауру одан әрі тарала ма, Қытай билігінің алдағы іс-қимылына байланысты”, – деп атап өтті сарапшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз