Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қытай компаниялары Тәжікстанның мақта өндірісін “басып алған”

128

«Көптеген жергілікті кәсіпорын бәсекеге шыдамай, жабылып жатыр. Мәселе, қытайлық компания диқандардан мақтаны тоннасы үшін 5850 сомониға (634 АҚШ доллары) сатып алады. Ал біздің зауытта мұндай ақша жоқ. Әрине, диқандарға мақтаны қымбат бағаға сатқан әлдеқайда тиімдірек», – дейді «Самар» мақта өндіру компаниясының бас директоры Муслихиддин Фазлиддинов.

Оның сөзінше, екі жыл бұрын өзі басқаратын зауыт жылына 25 тонна мақта өндіріп келген. Онда 60-80 адам жұмыс істеген. Ал қазір кәсіпорын тоқтаған.

Ресми мәлімет бойынша, Куляб ауданында 14 мақта тазалайтын зауыт бар. Бірақ бүгінгі күні олардың бесеуі ғана жұмыс істеп тұр екен.

«Қытайлардың жағдайы басқаша, Оларда проблема жоқ. Қытай банктері ешқандай кедергісіз кредит береді. Олардың техникаларының бәрі жаңа. Бізде мұндай жеңілдік жоқ», – дейді «Самар» компаниясының басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз