Қытай жанкүйерлері Димашқа сан мыңдаған раушан гүлінен жасалған ерекше сыйлықты тарту етті.
Бұл туралы Димаш өзінің instagram-дағы жеке парақшасында бөлісті.
«Бүгінгі гримеркама осыншама тосын сый жасаған Dears Сіздерге көп раxмет!!! Аэропорттан бастап көрсетілген ыстық ілтипаттарыңыз менің Чунцин қаласына деген естелігімді тек жақсы жағынан қалдыратыны анық! Мына жерде қаншама раушан гүлі бар екенін білмеймін… Бірақ, иісі бар бөлмені жұпарландырып тұр! Раxмет, Dears, жақсы көрем сендерді!!! Ертеңгі ән кешінде кездескенше!!!» деген жазбасын қалдырды.
Димашқа тарту еткен гүлдердің нақты саны 1314 тал болған. Бұл сан қытай тілінде (一生一世) өмір бойы ғашықпын деген мағынаны білдіреді екен.