Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қысықкөздің қойнында…”. Қытай екінші балаға неге рұқсат берді?

122

 

https://kaz.365info.kz/khazakhtyn-khyzdary-arzan-dejdi-khytajlar-270310

 

Экономикасын ұстап тұру үшін (күлкілі болса да айтайын) гастарбайтерлерге жүгінуіне тура келеді. Бір ғана дерек келтірейік: Былтыр Қытайдағы жұмысқа жарамды адамның саны 3,45 миллионға кеміген. Ал 2015-2025 жылдар аралығында 15 пен 59 жастағы кісілердің саны 24 миллионға азаяды екен. Ал 65 һәм одан да кәрі кісілердің саны 66 миллионға көбеймек. Қысқасы 2050 жылға қарай ханзу ұлтының 4/1 зейнеткер болады деген болжам бар.

Мұның соңы бюджет тапшылығына әкеп соғады. Тәйірі, мұндай мәселенің дәмін Қытай алғаш 2011-де бір татты. Иә, сол жылы көршінің 14 провинциясы зейнеткерлерге тиесілі 12,6 миллиард долларын төлей алмай қалғаны бар. Қытай атқамінерлері мәселені шешудің бірден-бір жолы – зейнет жасын ұлғайту деп ұйғарыпты.

Иә, қызмет жылдарын ұлғайту кімге ұнасын? Бірақ күннен күнге кежегесі кейін кетіп бара жатқан Қытай экономикасын сақтап қалу үшін, амалсыз жасалған амал-шарғы.

Қытайдағы жұмыс күшінің азайып бара жатқаны қазірден білініп қап жатыр. Бұрын салығы аз, жұмысшысына арзан төлеймін деп Шанхай, Бейжіңге ағылған шетелдік компаниялар ақырын жылыстап жатыр.

Мәселен, кәрістік Samsung Electronics Co. Пекиндегі бір зауытын жауып, онысын Вьетнамнан қайта ашқаны бар. “Бақ ауып көршіге қонды” деген осы да.

“Бір бала”-ның ендігіде інісі, қарындасы болады

Жә, зейнет жасын ұлғайту жұмыс күшінің жетіспеушілігін шешер. Бірақ, уақытша. Себебі, бүгін жұмысшының жетіспеушілігін шал-шауқанмен толықтырарсың. Ертең олар өлген соң, орнын кім баспақ?! Кім баспақ демекші?! Си Цзиньпин елімізге ресми іссапармен келіп, Назарбаев университетінде Абайдың өлеңін оқып бергені бар еді: «Дүние – үлкен көл, Заман – соққан жел, алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер», – деп.

Осы өлеңнен соң, Си Цзиньпин: Кәрінің орнын жас басуы керек. Ол үшін «бір бала» саясатын жұмсарту керек деп шешті. Сөйтіп ресми түрде ханзу жұрты 2 бала тууға рұқсат алды.

Саясаттанушылардың көбі ҚХР билігі мұндай қадамға қос проблеманы шешу үшін барып отыр дейді. Біріншісін біз айттық, екіншісін енді айтамыз.

Кішкентай “императорлар”

“Бір баласы бардың – шығар шықпас жаны бар” деген. Осыдан-ақ түсінікті шығар? Жалғызы болғасын, бетінен қақпай өсіреді. Көзі неге түседі, соны әперуге тырысады. Құдды патшасындай сыйлайды. Төбесіне көтереді. Мұндай тәрбиемен (тәрбие деуге келсе) өскен бала ертең кім болады? Эгоист, әпербақан, қатігез, адамның жағдайын түсінуге тырыспайтын болып есейеді.

 

https://kaz.365info.kz/aza-yz-a-jlenem-t-re-alimen-talas-an-ytajlar-aza-zherinde-k-bejgisi-keledi-244358

Айтпақшы, «бір бала» саясаты енгізілгелі де сол отбасында жалғыз болып ер жетіп, бой жеткендердің алды 40-қа келсе, орта буын 20 мен 30 жас аралығында. Қатігез, эгоист деп қалдық қой…

Қытайда болған көп қазақ айтып жүр – қандайда бір ханзу қиын жағдаятқа тап болса; оны нәсілі басқа біреулер ұрып жатса немесе жарадар болып қалса басқа бір ханзу көмектеспейді. Құдды түк болмағандай өте береді екен. Оны қойшы.

Жалғыз өскеннен соң да шығар, басқаға мүлдем жаны ашымайды. Қытай билігі «Бір баланың» осындай кесірге әкеп соққанын көрген соң, екіншіге рұқсат берді-ау?! Хош, тууды шектеу саясаты тек ата-ана мен баланың арасындағы қатынасқа емес, әйел мен еркектің тепе-теңдігіне әсер етті. “Жалғыз” деп шектеген соң жұрт тек “ұл тусам” дейді.

Не жетпейді? Қыз жетпейді…

Ер балалардың қыздардан бірнеше есе көп болып кетуі Қытайды кәдімгідей абыржытып отыр. Жаңа туылған 100 қызға 250 ұл баладан келеді. Енді осыны миллиардқа шағыңызшы?! Есебіміз дұрыс болса, 18-20 жылдан соң, 24 миллион еркек қалыңдыққа зәру болады. Отбасы құрмаған жігіт не істейді? Тапқан ақшасын ойын-сауыққа жұмсайды. Маскүнемдікке салынады. Оның-соңы төбелес, ұрлық-қарлық. “Бойдақтың барлығы бұзылмайды ғой” дерсіз. Мейлі бәрі емес, соның 1процентінің өзі Қытай үшін жеткілікті.

Ханзу жұртында да, ер – бабалар шынжырын жалғаушы тұлға. Ал әйел – өзге әулеттің ұрпағын көбейтуші құрал ғана. Қызға қажеттілік жоқ екенін түсіндік. Сол үшін жүктілік кезінде жатырдағы ұл ма, қыз ба, біліп алуға тырысады. Бұрымды болса, алдырып тастайды (жылына 3 миллионнан астам жасанды түсік жасалады екен).

Міне, Қытай билігі бірінші боп сол үшін абортқа тыйым салды. Қулық құрық бойламайды емес пе?! Енді ханзу әйелдері жүктіліктің алғашқы айларында УЗИ-ге тексеріліп, қыз болса, дәрі ішіп, түсік жасауға шебер боп алды. Компартия енді УЗИ арқылы шарананың жынысын анықтауға тыйым салды.

Мұның бәрі салдары. Енді Бейжің себеппен күресіп көрді. Қызды кем санайтын стереотипті бұзу үшін үлкен іс-шара бастады. Мәселен: “Университет грантына ұл мен қыз таласса, қызға көбірек жеңілдік жасаңдар. Мейлінше әйел қызметкерлер алыңдар” – деген бұйрық беріп жатыр. Қаншалықты нәтижелі боларын кім білген?

https://kaz.365info.kz/saunada-ne-bar-ytajlardy-k-ilin-k-tergen-yr-yz-yzdary-mas-ara-boldy-video-243730

 

Айтпақшы, қызды қор санаудың салдары шығар, жыл сайын жетімдер үйіне 3-3,5 миллион қыз қалдырылады. Ал кей қытайлар қыздан ақша жасап жүр. Ол былай: Әйелі екіқабат екенін ешкімге айтпайды. Босанғанша күтеді. Ұл болса, жергілікті әкімшілікке хабар береді, қыз болса ешкімге тіс жармайды. Тізімде жоқ, құжатсыз өсіре береді. Ал бой жеткесін әлгі «құжатсыз қыз» інісін асырауы тиіс. Қалаға кетеді. Жезөкшелікпен айналысады. «Бір баланың» қасіреті.

Тоқ етері…

Дәл осы «бір бала» Қытайды ғана емес, мынау қоңсы қонған біздің де зәремізді ұшырған. 100 миллионға жуық еркекке қытайдың қызы жетпей жатыр. «Олар енді көрші елдерден өздеріне қалыңдық іздеп, ұрын келе бастапты»,- дегенді көп естідік. Көп жаздық. Ешқандай өтірігі жоқ. Рас сөз. Талай қаракөздеріміз қысық көздердің қойнында кетті де.

Ресми Бейжің шетке шығуға талпынғандарға қолдау білдіріп, қаржылай көмектесіп те отырады. Мұның барлығы жасырын емес.

Бірақ, біз білгенді биліктегілер де білді. Кештеу болса да, есті жиып, визалық режимді қатайтты. Ресей де сөйтті. Сыналап кірудің жолы жабылды. Бірді айтып бірге кеттік. Қайта тақырыпқа ойыссақ. «Бір бала» – Қытайды бір бәледен сақтады. Оны демографиялық коллапстан аман алып қалды. Бірақ талай бәлекетке сеп болды. Оны айтып шықтық. Ал енді «екінші» баладан не күтеміз? Жақсылық па, әлде жаманат па?

Нұрбек БЕКБАУ, журналист

Автордың Фейсбуктегі парақшасынан алынды
https://kaz.365info.kz/akhsha-zaman-baraholkanyn-khytajy-meni-akhshaga-satyp-alyp-zhyr-khazakh-khyzy-289183

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз