Қазақстанда жұмыртқаның орташа бағасы осы күзде 30%-ға көтерілді. Бұл туралы қазан айының соңында елдегі жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы Максим Божко айтты. Ал Қарағанды облысында жұмыртқа тіпті 50%-ға қымбаттады. Бұл құс тұмауының салдары ма, әлде өндірушілердің алыпсатарлық ойыны ма?
Неліктен осындай сұранысқа ие, тіпті халықтық өнім соншалықты қымбаттап кетті? «Қазақстан құс өсірушілер одағының» президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, бұның бірнеше себебі бар, олардың бірі — құс тұмауының өршуі.
— Алматы маңындағы құс фабрикасы үш айға жабылды. Бірақ ауру құстарды кәдеге жаратуды қамтитын карантиндік шаралар бір демде жүргізілетін процесс емес. Содан кейін жаңаларын өсіру керек. Сондықтан бұрынғы көлемдерді қалпына келтіруге кем дегенде бір жарым жыл уақыт керек.
Бір фабриканы қалпына келтіру үшін 1,5-2 млрд теңге қажет болады
Құс тұмауынан басқа, астық бағасында да проблема бар — үш жыл ішінде олар екі есеге өсті.
Бір қызығы, кәсіпкерлер тіпті теңге бағамы мен бензин бағасын байланыстырды, алайда ол бағамның ауытқуына байланысты емес.
—Валюта қымбаттады, бұл ЖЖМ бағасының өсуіне әкелді. Мұндай жағдайда табыстың төмендеуі кімге тиімді болады?
Егер біз бағаны көтерсек, ертең нарықты ресейлік және беларусьтік жұмыртқалар жаулап алады
Әзірше біздің өндірушілер қазақстандық нарыққа шетелдік нарықтың өнімдері кірмеуі үшін бағаны төмен ұстап отыр. Субсидияны да алдымен екі есе қысқартты, енді тіпті кешіктіріліп беруде. Тұмау тарамай тұрғанда мүлдем алып тастағылары келген.
— Әзірге осы жылы субсидиялар тек Қостанай облысы мен Қазақстанның солтүстігінде ғана беріле бастады, қалған өңірлер оларды әлі алған жоқ. Көптеген құс фабрикасына несие берілді: айналым қаражаты жеткіліксіз болғандықтан, бір қарызды төлегеннен кейін қайтадан жаңасын алады. Астықтан басқасының бәрін, соның ішінде құстарды да валютаға сатып аламыз, — дейді Шарипов.
Үкімет құс өсірушілерге көмектесуден бас тартпайды. Бұл туралы қазан айының басында депутат Дүйсенғазы Мусин мәлімдеді.
100 млн-нан астам жұмыртқа шығаратын құс фабрикаларына бір данасы үшін 1,2 теңге көлемінде субсидия берілді. Бірақ құстардың өліміне байланысты олар нарыққа қажетті көлемді жеткізе алмайды, яғни алынған субсидияны қайтару керек. Сондықтан Мусин құс тұмауы кезінде қырылған құстарға нарықтық құны бойынша өтемақы төлеуді ұсынды.
Ал «Ауыл» партиясының төрағасының орынбасары Төлеутай Рахымбековтің пікірінше, кейбір өндірушілер «жағдайды ушықтыруға» тырысып жатыр. Олар әдейі жұмыртқаның 500 теңгеге дейін көтеріледі деген қауесетті таратуда.
— Құс өсірушілер субсидия алу үшін жағдайды әдейі ушықтырады
2019 жылмен салыстырғанда жем көп қымбаттаған жоқ. Қазір тоннаның бағасы 85 мың теңге. Өткен жылдың соңында құны шамамен бірдей болды. Бір жыл бұрын субсидияны алып тастаған кезде біраз қиындық болды, бірақ кейін қалпына келтірілді. Менің ойымша,
жұмыртқаны емес, жемді субсидиялау керек, өйткені құс шаруашылығы құрылымында олар 68-70% құрайды,
— дейді сарапшы.
Рахымбеков жұмыртқаның қымбаттауын маусымдық және алыпсатарлық факторлармен түсіндіреді. Оның айтуынша, жұмыртқа бағасының өсуі ел бойынша орташа есеппен 18,8% құрады.
— Жыл сайын қазан айының соңында — қараша айының басында жұмыртқа қымбаттайды,
себебі өндірісі қысқарады. Тауық жылына 365 күн бойы жұмырқаламайды ғой. Сонымен қатар, жұмыртқа тез бұзылатын өнім, ол мұздатып қоятын тауық еті емес болғандықтан бағаның көтерілуі орынды.
Биылғы жылы маусымдық факторға құс тұмауы келіп қосылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 500 мың тауық өлген. Тәуелсіз мамандардың бағалауы бойынша — кем дегенде екі есе көп. Әсіресе елдің солтүстігінде кейбір құс фабрикалары барлық құс басын жоғалтты.
— Бірақ менің ойымша, нарық қалыпты реттелсе, бағаның өсуі болмас еді. Бұл жағдайда алыпсатарлар құс тұмауы туралы қауесеттерді өз пайдасына жаратты. Алыпсатарлық шешуші фактор болды. Жаңа жылдан кейін жұмыртқа бағасы қалпына келеді деп ойлаймын.
Рахымбеков соңғы бірнеше жылда Қазақстан жұмыртқа бойынша нарықтың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды экспорттай бастағанын атап өтті.
— Қазақстанда ресейлік жұмыртқаның импорты бойынша шектеулер жоқ. Пайдасы болмаған соң әкелмейді. Географиялық тұрғыдан біздің фабрикаларымыз сәтті орналасқан. Сонымен қатар, көрші елдерге жарты миллиард жұмыртқа экспортталды, — дейді сарапшы.