Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Құрылыс компаниялары ковидке дейінгі қалпына қайта оралды

Фото: kattancs.hu

Дәл қазір құрылыста ең үлкен оптимизм байқалады. Қыркүйек айындағы мәліметтерге сәйкес, саладағы индекс 51,9 тармақты құрайды. Бұл тамыз айындағы көрсеткіштен 1,8-ге көп. Сонымен қатар, қазіргі деңгей соңғы 18 айдағы ең жоғары көрсеткіш (2018 жылдың ақпанынан бастап).

Яғни, бұл сектор Қазақстанға COVID-19 келгеннен бері алғаш рет жақсы көрсеткіш көрсетуде (өзінің бағалауы бойынша). Басты себеп – жұмыспен қамтылу деңгейінің артуы. Басқаша айтқанда, көптеп құрылыс салуда.

Басқа секторларда жағдай соншалықты мәз емес. Өнеркәсіпте ІБИ жағымсыз көрсеткіште – 50,5-тен 49,1 тармаққа түсті. Бұл соңғы алты айдағы ең төменгі көрсеткіш.

Қызмет көрсету саласында да төмендеу байқалды, бірақ соншалықты төмен емес: 51,1-ден 50,7 балға дейін. Айта кету керек, бұл сектордың өкілдері соңғы 6 айдағы жағдайға оптимизммен қарауда.

“Қызмет көрсету секторындағы индекстің нашарлауы жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне, өнеркәсіпте – жаңа тапсырыстардың, өнімдер мен жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ жеткізу мерзімдерінің ұлғаюына байланысты”, – деп атап өтті ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов.

Егер іскерлік белсенділік индексінің жалпы деңгейі туралы айтатын болсақ, ол 50,2 тармақты құрады. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен аз (50,8), бірақ әлі де оң аймақта. Айтпақшы, осы  көрсеткішті ұстап тұрғанына 6 ай болды.

Батыс жағымсыз жағдайда

Алайда, жекелеген аймақтар бойынша жағдай айтарлықтай ерекше.

Тамыз айында іскерлік белсенділіктің жақсаруы тоғыз өңірде, төмендеуі сегіз өңірде тіркелді.

“Белсенділіктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (54,6) және Шымкентте (52,8), ең төмені Ақтөбе облысында (43,2) байқалды”, – деп атап өтті Ж.Шаймарданов.

Теріс аймаққа, сондай-ақ, Қызылорда, Павлодар, Ақмола облыстары және Алматы кірді.

Сағатта” наурыз айы тәрізді

2021 жылдың тамызында респонденттер елде бизнес жүргізу шарттарының жақсарғанын атап өтті. Ағымдағы кәсіпкерлік шарттарды бағалау бойынша жауаптардың теңгеріімі 1,7 болды (шілдеде – 0,5). Бұл республикадағы карантиндік шаралардың біршама жұмсартылуына байланысты.

«Кәсіпорындар өнімге/қызметке сұранысты, қаржыландыруға/несиеге және қарым-қатынасқа оң баға берді. Салық ауыртпалығы мен кәсіпкерлікті қорғау мәселелері теріс бағаланды», – деп түсіндіреді Ұлттық банк.

Кәсіпорындардың алдағы 6 айдағы бизнес жағдайына қатысты оптимизмі нашарлады. Бағасы – 17,6 (шілдеде – 21,1). Нәтижесінде экономика бойынша бизнес климат индексі 9,5-ке дейін төмендеді (шілдеде – 10,5). Сонымен қатар, бизнес циклдің «сағаты» наурыздағы деңгейіне қайта оралды.

Ол кезде респонденттердің бағасы тамыздағыдай болған. Сонымен қатар, олар 7 ай бойы өсу аймағында болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз