Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Елде бар көз жас мен де жоқ па?..”. Жұлдыз Өмірғали өзіне айып таққандарға сес көрсетті

310

Айқын екі отбасын да қатар асырап отыр — жан досы

Санжардың суреті желіге жүктелген күннен бастап, Өмірғалидың инста-аккаунты пікір жазушылардың ашық алаңына айналған. Оқырмандардың бір тобы жұлдызды жұпқа бақыт тілесе, кейбірі балағаттап жатыр.

“Бақыт тілеп жатқандары да бар, қарғап жатқандары да бар. Пікірсіз қалмаған адам жоқ шығар Қазақстанда. 50-50 десе болады. Бірақ өзім үшін жақсы пікірлерді ғана аламын. Рахметімді айтамын бақыт тілеп жатқан адамдарға”, – дейді Жұлдыз Өмірғали.

«Он шақтысымен…». Сары Әулие қанша әйелді талақ еткенін айтты (видео)

Сондай-ақ, желідегілер Айқынның алғашқы отбасын бикештің есіне жиі салады.

“Қорықпайсың ба, көз жасқа қалу деген бар. Білмеймін бұл өмір. Өмірде әрқалай болады. Көз жасқа қалсақ, бәріміз көз жасқа қалып. Менің көз жасыма қалған адамдардың барлығы қырылып қалмай ма ондай болса”, – дейді Жұлдыз Өмірғали.

Оқырмандарының отты сөздері Жұлдыздың жүйкесіне әбден тисе керек. Жас ана бұдан былай жанұясы жайлы естеліктерді желіге салуды тіпті сиретпек.

“Қазіргі таңда қандай жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Соны ғана айттық. Ал, күнделікті жүктеуге тырыспаймын да, көрсеткім де келмейді. Біз біргеміз, болды”, – дейді Айқынның келіншегі.

«Отырғызып, сүйретіп барады…». Желіде қызын ұзатқан қазақтардың видеосы жұрттың ашуына тиді

Ал, Айқын мен Жұлдыздың ендігі мақсаты – шығармашылықтағы тың жаңалықтарымен жұртты қуанту.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз