Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қыркүйек айындағы мектептердің ашылуы: COVID-19 инфекциясының өршуінен қашып құтыла алмаймыз — дәрігер

коронавирус

Қазақстанда тәулігіне 7 000-ға жуық жаңадан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды. Олардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтанда (1 537) және Алматыда (1 207).

Болжамдар мен үміттер

Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпсалалы ауруханасының директоры Жұлдыз Данбаева инфекция жұқтырушылардың тәуліктік санының өсуін диагностиканың жақсы деңгейде екендігімен түсіндіреді. Мүмкін, басқа аймақтарда диагноз қою соншалықты жақсы ұйымдастырылмаған шығар, сондықтан жұқтырғандар саны аз. Сонымен бірге, ол қазіргі күнделікті өсім әлі шарықтау шегі емес, жұқтырғандар саны артуы мүмкін деп қорқады. Әсіресе жаңа оқу жылының басталуымен. Сондықтан кейбір елдер балаларды да вакцинациялауды бастауға шешім қабылдады.

Данбаева сенімді:

балалар мектепке барғаннан кейін коронавирустың тасымалдаушысына айналады және туыстарына жұқтырады. Әрине, егер ересек тұрғындар арасында вакцинация қарқыны артпаса

– Covid-19 инфекциясын жұқтыру толқыны 2021 жылдың маусым айының басында, елге дельта-штамм келген кезден басталды. Ол ауа тамшыларымен ғана емес, аэрозоль арқылы жұғатынымен ерекшеленеді. Яғни, жұқтырған адам сізден бір метр қашықтықтан өтсе де, жұқтырып алуыңыз мүмкін.

Жеңіл және ауыр өтуі

— Сонымен қатар, жаңа штаммның ағымы тез және ауыр өтеді. Егер бұрын 60 жастан асқан адамдар жиі жұқтырса, бүгінде 20 жастағы жастар арасында жиі кездесуде.

30-40 жастағы, тіпті ешқандай созылмалы сырқаты жоқ пациенттер жиі жасанды тыныс алу аппаратына жатқызылуда.

Бұрын мұндай адамдардың мұндай санаты көбінесе жеңіл өткізген.

Өкінішке орай, халықтың көп бөлігі вакцина алуға асықпайды, жалған бейнетүсірілімдерге сенуді жөн көреді.

Тіпті бүгінде “вакцина алудың қажеті жоқ, әйтпесе ұрпақсыз қаласың” дегенді такси жүргізушісінен де естуге болады

Бұл таза миф – ондай қауіп жоқ. Қазіргі уақытта Covid-19-ды негізінен вакцина алмаған және 2020 жылдың жазында ауырмағандар жұқтыруда.

Вакцинация не береді?

– Вакцина алса да, вирус жұқтырған адамдар ауру жеңіл түрде өтеді. Вакцинация –бұл өлімнен құтқару. Егер сен вакцина ала тұра жұқтырсаңыз өлім қаупі тумайды. Ал егер вакцина алмай, вирус жұқтырған болсаңыз, онда тірі қалатыныңызға және толық сауығып кететініңізге кепілдік жоқ. Бірақ вакцина алғаннан кейін антиденелер, әдетте, 2-3 айда пайда болатынын ескеру қажет. 2-3 аптадан кейін жұқтырған ерекше жағдайлар да бар. Әркімде әртүрлі. Вирустың ауыр ағымынан қорғайтын тек осы – антиденелер. Мен вакцина алғаннан кейін қайтыс болған науқастарды кездестірмедім. Вакцина алу қажет, әйтпесе вирус үнемі түрленіп отырады, яғни жаңа карантин белгіленеді”, — дейді дәрігер.

Тәуекел тобында кім бар?

Данбаеваның айтуынша, бүгінде ол жұмыс істейтін “ковид” ауруханасында 661 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 34 науқас реанимация бөлімінде.

– Жүкті әйелдер өте көп. Олар вакцина алмаған. Әрине, көп жағдайда сәбиін сақтап қаламыз. Бірақ кейде, әсіресе жүктіліктің бастапқы кезеңдерінде вирус жұқтырғандарда, нәресте өлі туылады немесе түсік тастайды

Құрсақтағы балада ауыстқу пайда болу қаупі бар, – дейді ол.

Коронавируспен ауырғаннан кейін бала көтергісі келетіндерге дәрігер бір ай күте тұруды ұсынады. Әдетте, егер әйелдің репродуктивті функциясы қалыпты болса, жақсы нәтиже береді.

Дәрігердің ұсыныстары

Данбаеваның байқауларына сәйкес, коронавируспен ауырған науқастарда кездескен асқынулардың арасында иіс сезуі алты айдан бір жылға дейін жоғалған. Егде адамдарда дем жетпей, тыныс алуда қиындықтар сақталуы мүмкін. Егер адамда өкпесінің 80-90%-ы зақымданған болса, онда олар бірден іске қосылмайды — фиброз болуы мүмкін.  Жасырын қант диабеті болған адамда коронавирустан кейін ол белгіл бере бастайды.

Жұлдыз Данбаева

– Жағымсыз салдардың алдын алу үшін дәрігерлерге сенім арту керек. Олар тиісінше антикояггулянттар – қанды сұйылтатын дәрілер тағайындайды. Оларды вирус жұқтырғаннан кейін 2-3 ай бойы ішу керек.

Егде жастағы науқастар қан қысымын бақылап, оны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін негізгі препараттарды ішуі керек. Егер науқас ауруханада емделіп, үйіне шығарылған болса, бұл үйде емдеуші дәрігер тағайындаған емді жалғастырудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді

Витаминдер ішу, өкпені дамыту үшін тыныс алу жаттығуларын жасау керек. Тек осылай ғана ауыр жұқпалы сырқаттан кейін толық айығуға болады, – дейді Жұлдыз Данбаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз