Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қырғызстанды анархия билеп тұр: екі күн қатарынан билік пен мүлік бөлінісі болып жатыр

230

Анархия — Бішкекте болып жатқан жағдайды сипаттайтын жалғыз сөз. Ел үкіметі жаппай отставкаға кетті. Бос қалған орындарға ерінбегеннен басқасының бәрі келуде. Компанияларды, соның ішінде мемлекеттік компанияларды рейдерлік басып алу әрекеті байқалады.

Жергілікті ақпарат агенттіктері :

  • Қара-балтада белгісіз біреулер аффинаж зауытын басып алды.
  • Белгісіз біреулер «Қырғызталтын» АҚ кеңсесіне шабуыл жасады.
  • Белгісіз біреулер қара Кечедегі мемлекеттік кәсіпорынды басып алды.
  • Бір топ азамат Иштамберді кен орнындағы комбинатқа барды.
  • Чаткаледе жиналғандар «Эти Бакыр» кәсіпорнындағы жұмысты тоқтатуды талап етті деген тақырыптарға толы.

Басып алу және тонау фактілерін әлеуметтік желілердегі сансыз видеолар да растайды.

Мысалы, Джеруй Қырғызстандағы көлемі бойынша екінші алтын кен орны. Белгісіз біреулер әкімшілік ғимараттарды өртеп, қымбат құрал-жабдықтарды талқандап және кір жуғыш машина секілді ұсақ-түйек құнды заттарды алып кетуде.

Басып алуға себеп пе?

Мемлекеттік компаниялар да басып алу әрекеттеріне ұшырады. Мұнда жабдықтар емес, лауазымдар қызықтырақ болды. Мәселен, бір топ адам мемлекеттік телерадиокомпанияның ғимаратына келіп, өздерін бір  партияның бірінің өкіліміз деп таныстырып,  бас директордың ауысқаны туралы хабарлады. Бұндай оқиға «Ала-Тоо» арнасында да болды.

Қырғыздық тасқын – 2020

Сейсенбіде мемлекеттік теміржол компаниясында да басшылықты өзгерту әрекеті  болды. «Қырғыз темір жолы» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, 24kg-нің хабарлауынша,  рейдерлер теміржолды бір тәуліктен астам уақыт бойы бақылауға алуға тырысуда, бірақ әзірге оларды «әскерилендірілген күзет пен ұжымның бірлескен күшімен» тоқтатуда.

7 қазанда, түске қарай Бішкек-тегі ЖЭО жанында жиналған халық туралы алаңдатарлық хабарламалар пайда болды. «Кыргызкумор» компаниясының өкілі әлеуметтік желілер арқылы еріктілер мен халық жасағынан көмек сұрады. Егер жиналғандар ЖЭО-ға кірсе, жылу беруде қиындықтар туындауы мүмкін деді.

Айтпақшы,

еріктілер мен жасақ қазіргі уақытта ел астанасын анархия мен бейберекетсіздіктен шығаруға тырысып жатқан жалғыз күш болды

Саясаткерлердің қарақшылар мен рейдерлерге назар аударатын мұршасы болмай тұр.

Билік қайда?

Шын мәнінде, осындай заңсыздықты бастап, адамдардың митингіге шақырған саяси ұйымдардың басшылары қазір үнсіз отыр. Олар билікті қолға түсіргеніне сенімді болмай тұрып, осы бейберекетсіздік үшін өздеріне жауапкершілік алғысы келмейтін секілді. Бірақ бәрі ойға алғандай болатынына кепілдік жоқ.

Мәселен, екі күннің ішінде Бішкектің мэрі үш рет ауысты. Ғимаратқа «қоғамның қысымымен» кірген бұрынғысы  отставкаға кетіп үлгерді. Оның орнына бірден Жоошбек Коеналиев келіп, өзін халық мэрі деп жариялады. Ол  тіпті Ақ үйдің айналасындағы қоршауларды бұзу  туралы алғашқы жарлығын шығарып үлгерді.

Ауылға сауатсыз ақша салу наразылық базасының қалыптасуына себеп болады — мәжілісмендер

Алайда, бірнеше сағаттан кейін уақытша үкімет,  үйлестіру кеңесі Алмаз Бакетаевты астана басшысы етіп тағайындады. Алайда, бұл ұзаққа созылмауы мүмкін. Ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша мэрияның жанында бұл тағайындауға разы емес адамдардың саны артуда.

Бұндай жағдай бүкіл ел аумағында байқалады. Облыстардың, ауыл, аудандарының бұрынғы басшылары, прокуратура мен милиция отставкаға кетуде. Олардың орнына бір топ адам мүдделі.

Сонымен билік кімнің қолында?

Бұл барлығының көкейіндегі сұрақ. Оның ішінде митингіге шыққан халықтың да бұдан хабары жоқ. Шын мәнінде, барлығы ары қарай не болатынын білмейді.

Қазіргі уақытта Қырғызстанда кем дегенде алты күш орталығы бар.

  • Ел президенті Сооронбай Жээнбеков. Осы уақыт ішінде ол инфополисте үш рет пайда болды. 6 қазанда саяси партиялардың жетекшілерін адамдарды көшелерден шығаруға шақырды және ол заңды президент болып қала беретінін және жағдайды бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Ал 7 қазанда Ресей Президентін туған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, 7 қазанда тағы бір видео хабарлама пайда болды. Онда Жээнбеков барлығын құқықтық алаңға оралуға шақырды. Қазір ол Бішкекте ме, әлде басқа жаққа кетіп қалды ма, белгісіз. Яғни

Республика Президенті заңды түрде бар, бірақ іс жүзінде барлық өкілеттігін жоғалтты

  • 12 саяси партия құрған үйлестіру кеңесі. Ол қазірдің өзінде бірқатар жарлықтар қабылдады және жағдайды шешудің қадамдарын бекітті. Премьер-министрдің міндетін атқарушы болып Садыр Жапаров тағайындалды, ол бір күн бұрын түрмеден шығарылды. Ол 2013 жылы болған тәртіпсіздіктер кезінде кепілге адам алғаны үшін жазасын өтеп жатқан еді. Оны толығымен заңды негізде босатты. Жапаровтың кандидатурасы талқыланып жатқанда, сот істі қайта қарап, оған қатысты ақтау үкімін шығарды.
  • Екінші үйлестіру кеңесі. Оған бірінші партияларға кірмеген партиялар кірді. Олар өздерін халықтық, заңды кеңес деп атады. Олар өздерінің жақтастарына қарсылығын білдіріп,  митингіге шақты.
  • Елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, оның жақтастары да жеткілікті. Рас, тергеу изоляторынан босатылғаннан кейін, инфополисте мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ оның қалай болғанда үлкен саясатқа оралу мүмкіндігін жіберіп алмайтыны анық.
  • Өздерін жас буын өкілдеріміз деп атаған топ пайда болды, құрамында 1,5 мыңға жуық адам бар. Олар жастарға жол беріп, барлық ескі саясаткерлерді мемлекеттік қызметке қайтару құқығынсыз люстрациялауды талап етуде.
  • Оңтүстікте  тағы бір күштің негізі қалануда. Отанына оралған ОШ-тың бұрынғы мэрі Мелис Мырзакматовтың да өз ойлағаны бар. Ол қылмыстық қудалауда  болған жылдарының есесін жібере қоймас. Ол қазірдің өзінде ОШ тұрғындары алдында мәлімдеме жасап,  міндеті ауыр ел басшылығы қызметін өз мойнына алуға дайын екенін білдірді.
  • Бірақ аймақтардан партиялардың шақыртуымен келген мыңдаған адамдар тобы ең үлкен күшке айналды. Олар алғашқы митингілердің бастамашысы болды. Алайда қазір олар бақылауға көнбей кетті,  саясаткерлердің үйлеріңе қайтыңдар деген үндеулеріне құлақ асар емес. Бішкекке келіп жатқан аймақ тұрғындарының есебінен халықтың саны артуда. Олардың Астанадан «олжасыз» кетпейтіні түсінікті.

Мұның ақыр соңы не болмақ?

Бұл өте қиын сұрақ. Қырғызстандағы жағдай әр сағат сайын өзгеруде.

Президенттің импичментін қолдайтындар өте көп. Әлеуметтік желілерде #вернитеСуракматова (бұрынғы мэр) хэштегі танымал бола бастады. Қала тұрғындары

«бұрынғы қала басшысы және оның командасы жақсы жұмыс істеді, және бүгінде олар қалаға қажет, атқарар шаруа бастан асады»

деп атап өтті. Екінші үйлестіру кеңесі тағайындаған премьер-министрдің міндетін атқарушының тағы бір кандидатурасы пайда болды. Екі үкімет басшысы қазірдің өзінде  кімнің билігі заңды екенін анықтау үшін, жұдырықтасып үлгерді.

Азаттық радиосына берген сұхбатында саясаттанушы Досым Сатпаев:

«2005 жылдан кейін қырғыздардың бірде-бір президенті  өзін толықтай қауіпсіз сезіне алмайды және Орталық Азия мемлекеттерінің басқа да басшылары сияқты  қолында бүкіл билік бардай кейіп таныта алмайды. Қырғызстан — бұл үнемі қандай да бір эксперименттер өтетін саяси зертхана. Бұл эксперименттердің нәтижесі қандай болатынын оларды бастаған қырғыз саясаткерлері де білмейді».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз