Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қырғызстандағы коронавирус: коменданттық сағат пен қауесеттер туралы

233

Алматымен көршілес Бішкектегі жағдай бізге түсінікті. Таулар, кеңес кезінен сақталып қалған ғимараттарымыз ұқсас. Тіпті бір уақытта қар жауып, өріктер де бір мезгілде гүлдей бастайды. Тек саяси көзқарастарымызда айырмашылықтар бар.

Әдетте мен Бішкектегі достарыма «Сендер тағы да біздің жасағанымызды қайталап жатсыңдар» деп қалжыңдаймын. Бірақ қазір олар менің әзілдеріме ашуланатын болды. «Қазір күлетін уақыт емес», — деді Дмитрий.

Коронавирус бойынша статистика

— Қаза болғандар жоқ. Бүгінде 107 жағдай расталып отыр.

Байланысқа түскен адамдар мен COVID-19 індеті зертханалық жолмен расталған науқастардың жалпы саны — 5 771 адам, үшеуі аурудан айыққан

Науқастардың басым көпшілігі вирусты Умрадан, яғни кіші қажылықтан алып келген.

Қырғыстандағы төтенше жағдай

Бішкек, Ош және Жалал-Абад, Ош облысының Ноокат және Қара-Суй аудандарының, Созақ ауданының және Жалал-Абад облысының аумағында төтенше жағдай режимі белгіленген.

25 наурыз бен 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізген

— Коронавирусты Ыстықкөл және Нарын облыстарында да анықтаған, бірақ онда коменданттық сағат туралы айтылған жоқ. Талас облысында ауру жағдайлары тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау да  бизнес

— Басты проблема —  денсаулық сақтау жүйесін оңтайландыру үшін реформа  жасалған жылдары ондағы қызметкерлер санын қысқатқан еді.

Қазір  бұрынғы КСРО елдеріндегі денсаулық сақтау жүйесін адамдарды емдеу бойынша бизнес-схемалар деуге болады

Салада атқарылып жатқан жұмыстардың басым көпшілігі, белгілі бір бизнес мақсаттарды орындауда. Осы күнге дейін үлкен індет болмағандықтан  дәрігерлердің дайындығы аз.

Беларусте ғана өзіне тән ерекшелік бар. Бұл ел кеңес үкіметі кезіндегі індетпен күрес  әдістерін сақтап қалған

Яғни ауру жұқтырғандарды мүмкіндігінше тезірек орналастыру үшін ауруханадағы жатын орнының санына көңіл бөледі.

Карантин. Жауапсыз сұрақтар көп

Алматыдағы секілді Бішкекте де халықтың карантинге қатысты талаптарға көзқарасы әртүрлі. Біреу қатаң сақтанса, басқалары елемей жүр.

— Жақында ел ішінде жұқтыру фактісінің тіркелгені туралы айтылды. Билік сондықтан карантиндік шараларды қатаңдатты

Тағы бір мәселе бар, биліктің барлық қадамы соңына дейін ойластырылмаған. Осыған орай ел арасында наразылық туындады.

— Қалай ойлайсыз, халық елдегі жағдай туралы ресми мәлімдемелерге қаншалықты сенеді?

— Биліккке сенім әрқашан күрделі мәселелердің қатарында. біреулер ресми хабарларға сенсе, басқалары сенбейді. Елдегі беделді тұлғалардың қатысымен таратылған жалған ақпараттар өте көп. Біреулер оны шықдық деп қабылдаса, басқалары ой елегінен өткізеді. Өкінішке орай, соңғыларының саны тым аз.

Шағын бизнес банкроттың алдында тұр

— Бішкекте барлық шағын бизнес банкротқа ұшыраудың алдында тұр. Қырғызстанда 12 мың шағын және орта кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде 7,3 мың Бішкекте.  Көптеген қонақ үй, туристік компания, қоғамдық тамақтану орындары (кафе, барлар, мейрамханалар), дүкендер (азық-түліктен басқа), сұлулық салондары, көлік жуу, таксиді шақыру қызметі секілді салалар табыссыз қалды.…

Яғни, сауда мен қызмет көрсетуге қатысты бар салалар. Әрине, қызмет көрсететіндердің көңіл-күйлері жоқ, олар жалақыларынан айырылып қалды. Ал жинақтаған ақшасы жоқтар  алдағы уақытта отбасын қалай асырайды?

Мемлекет салық және әлеуметтік төлемдерді кейінгі қалдырып, қолдаймыз уәде берді. Донорлар да көмектесуге уәде береді, бірақ  жағдайдың қалай болатынын кім біледі? Сондықтан қоғамда осыған қатысты екі жақты көзқарас қалыптасқан. Мәселен, билік азық-түліктің қымбаттамайды деп уәде берсе де,  қазірдің өзінде олардың бағасының өскенін байқайға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз