Рахмон мен Жапаров ішкі процестерді ескеруге мәжбүр және биліктегі беделін әлсіретпеу үшін ешқайсысы жеңілдікке бармайды.
Бүгінде тараптардың әрқайсысы көршісін соғыс қимылдарын бастады деп айыптап отыр. Қырғызстан тарапынан шенеуніктер, оппозиция, ҮЕҰ, сарапшылар мен жергілікті тұрғындар Душанбеге қатысты айып тағып отыр. Қызметтегі қырғыз саясаткерлері халықпен кездесулерде әскерлерді шығарғаннан кейін де көршілерге қатысты қатаң мәлімдемелер жасауда.
Душанбе тарапынан да жауап ретінде ақпараттық-насихаттық толқын жүріп жатыр.
Саясаттанушы Әбдімәлік Қадыров Қырғызстанның мемлекеттік аппаратында мемлекетті басқаруға жеткілікті құзыретті жоқ саясаткерлер пайда болғанын мәлімдеді.
Осы себепті бірқатар қайраткерлердің популистік мәлімдемелері (бұл ҰҚК басшысы Ташиевті меңзейді) қақтығыс тудырды.
Қадыров қырғыз саясаткерлері жағдайды дұрыс бағаламағанын және мәселені өзіндерінше – “қылмыстық жолмен” шешуге шешім қабылдағанын айтты. Тәжікстанның басқа сарапшылары да оның айтқанымен келіседі. Олар өз ұстанымдарын қорғай отырып, қырғыз саясаткерлерінің жер алмасу туралы популистік идеялары Душанбе үшін қолайсыз (сәуір айының ортасында жасалған) екенін атап өтті. Олардың айтуынша, мұндай ұсыныстарды қабылдау президент Эмомали Рахмонның беделіне теріс әсер етуі мүмкін.
2020 жылы билікке келген Жапаров пен оның “Ата-жұрт” партиясындағы ең жақын пікірлесі Қамшыбек Ташиев бірегей тандем жасауда. Жапаров – Ыстықкөл облысының тумасы. Ташиев – мемлекеттік аппаратта ұзақ уақыт жұмыс істеген оңтүстіктік, ТЖМ басқарған. Екеуі де оппозицияда. Елде саясаткерлер Оңтүстік пен Солтүстікке бөлінеді, бірақ “Ата-жұртта” түрлі өңірлерден келген азаматтардың бірегей ортасы қалыптасқан.
Сарапшылар Ташиевтің көшбасшылық қасиеттерін ғана емес, албырттығын, көпшіліктің ықпалымен әрекет етуге дайын екендігін де атап өтті. 2012 жылдың қазан айында оппозиция митингісінде сөйлеген жалынды сөздерінен кейін Ташиев Парламент депутаты ретінде қатты ызалы топты Ақ үйге шабуыл жасауға бастады. Ол тіпті мандатпен кіруіне болатындығына қарамастан, ғимараттқа қоршаудан секіріп кірген. Кейін ол да, С.Жапаров сияқты, “билікті күшпен басып алуға шақыру”, “билікті күшпен басып алу” және т.б. баптар бойынша қамауда отырды.
Дегенмен, көптеген азаматтар “Ата-Жұрттың” екі басшысына да табынады және ұлттық батырлары болып табылады.
2010 жылы Оңтүстіктегі қырғыздар мен өзбектер арасындағы ұлтаралық қақтығыстар кезінде олар ерік білдіріп, жергілікті жерлерде тәртіп орнатты. Бұл ретте басқа саясаткерлер ТЖ кезінде өздерін көрсете алмады.
ҰҚК және шекара мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссияның басшысы лауазымында Ташиев қарама-қайшы әрекет етті. Тәжікстан мен Өзбекстандағы әріптестерімен келіссөздерден кейін ол өз жұртшылығына қарсы мәлімдемелер жасайды.
Бұл қадамдар Ташкент пен Душанбеде популизм және бұрын қол жеткізілген келісімдерден 180 градусқа ауытқу ретінде бағалануда.
Көршілер Жапаровтың да ұстанымдарына осындай баға береді, ол да “ұлттық патриот” деген атаққа ие. Сәуір айында Э.Рахмонның Тәжікстанның шекаралас аймақтарына сапарынан кейін қырғыз армиясы шекара аймағында әскери жаттығулар өткізген.
Душанбедегі жалпы наразылық аясында, Ташиевтің Баткен тұрғындары алдында жаңа гидроқұрылыстар салу жоспары туралы популистік мәлімдемесі оны одан сайын ушықтыра түскен болуы мүмкін. Олар, тек тәжік қана емес, ресейлік, тіпті қырғыз сарапшыларының пікірінше, тек отқа май құйған.
Бішкекте билік басына Садыр Жапаров келгеннен кейін Қырғызстандағы ұлтшылдықтың өсуі жөніндегі болжамдар Тәжікстан үшін қосымша келеңсіздік болуы мүмкін. Бұл ретте Бішкектегі биліктің жиі ауысуына байланысты Э.Рахмонның кеңесшілері 2010 жылғы маусымдағы Ош оқиғаларын да ескерген болар. Ол кезде Бішкектегі орталық билік іс жүзінде абдырап қалған еді, ал Уақытша үкіметтің басшысы Роза Отынбаева халықаралық қоғамдастыққа, оның ішінде ҰҚШҰ-ға көмек сұрап жүгінген болатын.
Содан кейін болған жағдайды зерттеумен халықаралық тәуелсіз комиссия айналысты. Оның бірқатар тармақтар бойынша қорытынды тұжырымдары (орталық және жергілікті органдардың іс-әрекеттері, Адам құқықтарының бұзылуы) Қырғызстан билігінің ұстанымымен сәйкес келмеді.
Президенттер Жапаров пен Рахмон мамыр айының соңында Душанбеде кездесуге келісті, бұл шекара мәселелерін шешуге қандай да бір үміт сәулесін сыйлады. Тараптар диалог жүргізуге және шекараны демаркациялау мен делимитациялау мәселелерін дәйекті түрде шешуге дайын екендіктерін тағы да жариялады. Сонымен бірге, тараптардың әрқайсысы өз ұстанымдарының дұрыстығын дәлелдеуде, ал 28–29 сәуірдегі оқиғалар сенім атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік бере қоймайтын тәрізді.
Бұл ретте
Рахмон мен Жапаров ішкі процестерді ескеруге мәжбүр және биліктегі беделдерін әлсіретіп алмау үшін ешқайсысы жеңілдікке бармайды
Сондай-ақ кейбір жерлердегі қырғыз және тәжік халқы өздерін іс жүзінде майдан алдындағы аймақта тұрып жатқандай сезінеді және сенімсіздік тек күшейе түсуде.
Мәскеу Карнеги орталығының сарапшысы Темур Умаров,
Тәжікстанның немесе Қырғызстанның әлеуетті серіктестерінің ешқайсысы жанжалға араласуға және делдал рөлін ойнауға ниетті емес деп санайды.
Оның болжамдары бойынша, тараптардың маңызды бір нәрсе туралы өз беттерінше келісімге келуге мүмкіндіктері аз.
28-29 сәуірдегі оқиғаларға дейін көптеген тұрғындар шекарадағы көршілермен келіссөздерге наразылығын білдірді. Ташиевті де, президені Жапаровты да “жер сатты” деп айыптады. Енді көршілермен жерді бөлісу кезіндегі кез-келген жеңілдік кезекті дүмпудің ұшқынына айналуы мүмкін.
Екі елде де патриоттық көңіл-күй артып келеді, Жапаров Баткен облысының басшылығына кәсіби әскерилерді тағайындады. Ол өзі 6-мамырда болашақ әскери бөлімнің құрылыс алаңының орнын белгіледі. Сонымен бірге, сарапшылар Жапаров пен Рахмонға қоғамды біріктіруге мүмкіндік берілгенін мойындайды, бірақ Қарабақ сияқты толыққанды соғысқа ел экономикалары дайын емес. Бұл өте жақсы.