Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-11
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Қырғызстан араб миссионерлерінің назарында

199

Соңғы уақытта Қырғызстан шетелдік туристер үшін өзіндік өңірлік Меккеге айналды. Екі айдың ішінде (маусым-шілде 2018) Сауд Арабиясынан 7 мыңға жуық турист келген.

Бұл ретте, Қырғызстан Ұлттық Статкомитетінің деректері бойынша, республикада 2017 жылы 190 пансионат, санаторийлер, демалыс үйлері, турбазалар, спорттық және балалар лагерлері тіркелген.

Соңғы кездері республикада халал қонақ үйлердің де саны қаптаған

Олар тіркелмегенімен, ел өңірлеріндегі мешіттермен тығыз байланыста (бүгінгі таңда олардың саны — 2 811).

Сонымен қатар, жағдай жіті бақылауда. Елдің өңірлік мешіттерінде жұмыс істейтін жасақтаушылар мәселесін Қырғызстан мүфтиі Мақсат ажы Тоқтомушевтің 2018 жылы қыркүйек айында өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде келтірді.

Бас мүфтидің айтуынша, 2 800 имам ай сайын атқарылған жұмыс туралы жазбаша есеп жібереді. Ондағы тармақтардың бірі радикализм мәселесі мен ханафит масхабына қарсы іс-қимыл.

«Мешіттерде мүшелікке тартып жатыр деген ақпарат — жалған. Мен төртінші жыл муфти болып жұмыс істеймін және осы уақыт ішінде мұндай ештеңе естімедім. Бір ғана оқиға болған», – деп атап өтті Тоқтомушев.

Жаңа құрылыс алаңдарын кім бақылайды?

Соңғы жылдары Бішкектің шеткі аймақтарына «Жана конуштар» («Жаңа қауымдар») деп аталатын жаңа құрылыс алаңдары салынуда. Бұл бос жерлерді басып алып салдарынан пайда болған қоныстар.

Халық арасында оларды «Шахид белбеуі» деп атайды

Түрлі есептеулер бойынша қоныстардың ауданы 2,5-тен 3,2 мың гектар аралығында (салыстыру үшін: Қырғыз астанасы шамамен 12,7 мың га).

2018 жылғы маусымдағы жағдай бойынша құжатсыз салынған 42 мыңнан астам учаске анықталды. Онда кімдер тұрады және адам саны қанша — бұл үлкен мәселе.

Осы қоныстар аумағында бір-бірін үйлесімді толықтыратын және Қырғызстанның көптеген өңірлерін қамтитын, өзіндік білім беру желісі болып саналатын бірқатар діни оқу орындары жұмыс істейді. Мысалы, Шу облысының Октябрьское ауылында (Бішкектен 30 км) мектеп жасындағы жетім балаларға арналған «әл-Бухари» балалар үйі жұмыс істейді.

Өз қызметі бойынша бұл жеке ұйым білім берумен және моральдық-рухани тәрбие берумен айналысады. Сондай-ақ бұл үй араб әлемі елдерінің бірінің материалдық қолдауымен құрылған. Алайда, оқу орнында діни сабақтар өткізіліп жатыр деген пікір бар. Талаптыларын кейін медресеге оқуға жіберетін көрінеді.

Баламалы білім беру

Айта кететіні, Қырғызстанда бірде-бір медресе министрліктен білім беру қызметіне лицензия ала алмады. Себебі көбі Қырғызстан мұсылмандар Діни басқармасының бақылауында.

Соңғы алты жылда неге медреселерге тиісті лицензия берілмейді деген сұрақ жиі көтеріліп тұрады. Қайырымдылық ұйымдарына келетін болсақ, бұл бағытта жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, 2017 жылы талаптарға сәйкес келмегені үшін алты медресе жабылды. Олардың барлығы қайырымдылық ұйым ретінде тіркелгенімен, діни тұрғыда білім беріп келген. Сонымен қатар, осы оқу орындарында оқытушылардың тиісті біліктілігі жоқ екені анықталды.

Бірақ жұмыс нәтижелері тіркелген ұйымдарда ғана көрінеді, ал республика өңірлерінде діни оқу орындары табысты жұмыс істейді, басшылық оларды тіркеуге асықпайды.

Айта кету керек, Қырғызстанда

бұл білім беру жүйесі мемлекеттікке балама ретінде көптеген жыл жұмыс істеп келеді

Медресе мемлекеттің жауапкершілік аймағына (бұл жағдайда Білім және ғылым министрлігі) кірмейтінін ескерсек, өскелең ұрпақты қамту ауқымы мен жағдайдың өрбу перспективаларын тек болжауға болады.

ҚМДБ мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылдың наурыз айы бойынша республикада 114 медресе бар, олардың 22-сі түрлі себептермен жұмыс істемейді, 10-ы қыздар медресесі болып табылады. Барлығы 8 мың 200 оқушы оқиды. Алайда, медреселердің барлығы тіркелмегенін ескерсек, бұл нақты сан емес. Демек, білім алушылардың жалпы саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Үлкен мәселе

Дін саласындағы жағдай көптеген мәселелерді тудырады. ҚМДБ-да жағдай көңіл көншітерлік емес. Бұлан институтының зерттеу нәтижесі бойынша, мұсылмандардың діни басқармасы қызметкерлері ұжымында (2000 адам)):

• қызметкерлердің 70%-ның арнайы діни білімі жоқ;
• қызметкерлердің 70%-ның тек 2,5%-ы ғана елде немесе шетелде жоғары білім алған;
• 20% қызметкер медресе бітірген;
• 10%-ы имамдарға арналған қысқа мерзімді курстарда оқыған.

Алайда, бұл мұсылмандарды басқаруға, елдің қоғамдық өміріне белсенді араласуға кедергі келтірмейді. Осылайша, 2018 жылдың сәуір айында ҚМДБ Қырғызстан ІІМ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасымен бірлесіп Республика бойынша «Өмір – баға жетпес сый» акциясын өткізді.

Акция аясында МАИ қызметкерлері мүфтият өкілдерімен бірге бекеттерде қызмет етті

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізушілердің құжаттарын тексерсе, ҚМДБ өкілі олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі таңда көптеген діни ұйымдар Қырғызстанды полигон ретінде қарастырады, онда өз шеберлігін шыңдап қана қоймай, ниеттестерді кейін өз мақсаттарында пайдалануды көздейді.

Республиканың ішкі әлеуеті әзірше шетелдік миссионерлердің қысымына төтеп беруге қабілетті. Бірақ бұл қаншалықты ұзаққа жалғасады — бұл үлкен мәселе.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз