Қырғызстан Республикасының көк бөрі федерациясының мамандары Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл маңайында көкпар мен көк бөріден турнир өткізуді ұсынды.
«Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл спорт, ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы керек. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады», – деді көк бөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісалиев баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге салайық, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал көк бөріден де қырғыз спортшылары 10:4 есебімен басым түскен болатын.