Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қырғыз елінде экстремистік ұйымдардың жақтаушылары көбейіп барады

Одақтың басты мақсаты ­­экономикалық байланыс орнату болса да, терроризмнен төнетін қауіпті назардан тыс қалдыруға болмайды дейді мамандар.

Қырғызстанда экстремистік бағытты қолдайтын 2 мың адам бар. Ал қырғыз елі – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес елдің бірі. «Алайда, лаңкестік қаупінің одақ аумағында ғана емес, бүкіл әлемде өршіп тұрғанын ескерсек, бұл бей-жай қарауға болмайтын жағдай», – дейді мәселеге алаңдаған сарапшылар.

Серік Абиев, лаңкестікке қарсы орталық өкілі:

– Халықаралық террористік және діни экстремистік ұйымдар технологиялық инновацияларға тез бейімделеді. Сондықтан қаскөйлерге қарсы тұру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруіміз керек.

Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі мақсаты ­– экономикалық байланыстарды арттыру. Бірақ ағымдағы міндеттерді назарсыз қалдыруға болмайды. Сайып келгенде мемлекет ұлттық қауіпсіздік мәселесін ысырып қойып, экономикасын дамыта алмайды.

Сарапшылардың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер терроризммен өз бетінше де, күш біріктіре отырып та, күресуі тиіс. Мәселен Қырғызстанда жақын арада кибер қауіпсіздіктің тұжырымдамасы қабылданатын болады.

Темир Джумакадыров, ҚР қауіпсіздік одағы хатшысы:

– Бұл стратегия дайын бола салысымен, бірден мақұлданып, іске асырылатын болады. Қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете отырып, амандығымыз үшін алаңдамайтын боламыз. Осы ретте әлеуметтік желіде де бақылауды күшейтуге тырысамыз.

Экстремистер жаңа ізбасарларын тарту үшін әлеуметтік желілерді жиі пайдаланады. Өйткені ғаламтор және ұялы байланыс кез келген адамға қолжетімді. Киберкеңістік аумағы кең болғандықтан қылмыскерлерді қолға түсіру көп жағдайда қиынға түседі. Саясаткерлер Еуразиялық экономикалық одақ еркін сауда кеңістігінде болады деп отыр.

«Сондықтан оның аясындағы байланыс тиімды болуы үшін сырттан төнген қатерге қарсы тұру керек», – дейді мамандар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз