Қазақстанның “Еңбек туралы” заңына сәйкес, 2005 жылдан бері Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып келеді.
Биыл ол 21 тамызға түсіп тұр. Яғни, сенбі, жексенбі (17,18 тамыз) демалыс күндерінен кейін дүйсенбі, 20 тамыз бір күн жұмыс істеген қазақстандықтар 21 тамыз күні қайта демалады.
Бұдан бөлек, тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Биыл 30 тамыз бейсенбіге түсіп тұр. Бірақ 31 тамыздағы жұмыс күні сенбі, 25 тамызға ауыстырылып, қазақстандықтар қатарынан екі күн (30,31 тамыз) демалмақ.