Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
506
0.00
EUR
551
0.00
RUB
5.89
0.00

Құлсарыда 17 жастағы жігітті шатастырып өлтірген: күдіктілер бостандықта жүр

Қордың мәліметінше, бұл оқиғаға 12 адам қатысқан. Алайда олардың тек біреуі ғана тергеу изоляторында бір жыл отырған, қазір ол да бостандыққа шықты. Ал төрт күдікті әскерге кеткен.

«4-ші учаскенің жігіттері 1-шағын ауданның жігіттерімен жанжалдасып, кейін Елдар отырған көлікке жүгірген. Бірін сабап, төртеуін пышақтап кеткен. Салдарынан Елдар қайтыс болды. Олар арнайы дайындалып, суық қарумен шабуыл жасаған», – деп хабарлады «Немолчи» қоры.

Алайда қордың айтуынша, тергеу барысында оқиғаға қатысқан 12 адамның барлығы күдікті емес, тек куәгер ретінде танылған.

«Ұлым небәрі 17 жаста еді. Олар – бір топ жігіттер. Бірақ менің ұлым оларды танымайтын. Кейін олар басқа адаммен шатастырып алғанын айтты. Бұл оқиға 2024 жылдың 24 қаңтарында түнгі уақытта болды. Балам достарымен бірге тағы бір танысын мейрамханадағы жұмысынан алып кетуге барған.

Бізге тергеу туралы ештеңе айтпады, ал бір күдікті үйқамаққа жіберілген. Адвокат жалдауға жағдайымыз жоқ. Заңды тұрғыда көмектесулеріңізді сұраймын», – деп марқұмның анасы «Немолчи» қорына хат жолдаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз