Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Қылмыңдадың ғой…”. Қонақта сүйіктісін қызғанған жігіт оны сабап, қылқындырып өлтірді

Айқай-шудан соң мас еркек сүйіктісін сүйреп алып шығып кеткен. Алайда олар ауруханаға бармапты, қызғаныштан әбден есірген еркек үйіне апарып тағы да оны әбден сабаған.

“Ибраеваға кеуде тұсына және денесіне жұдырықпен ауыр соққылар жасаған, кеуде тұсына асхана пышағымен жарақат салған. Содан соң ол қолындағы пышақты тастай салып, оның үстіне мініп, есінен танып, сылқ еткенше тамағынан қылқындырған”, – делінген айыптау мәтінінде.

Зардап шеккен қыз оқиға орнында қаза тапқан. Өтеповтің әрекеті “Аса қатыгездікпен денсаулыққа көрінеу ауыр зақым келтіру” және “Адам өлтіру” баптары бойынша қарастырылды. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өз ісіне өкінді.

Өтепов Ибраеваны өте қатты жақсы көргенін және оның кетіп қалатынын білген соң осындай қатыгез әрекетке барғанын айтты. Қазіргі уақытта процесте куәгерлерден жауап алу процесі өтіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз