Сауд Арабиясы корольдігінің тарихында алғаш рет тек әйелдердің тамашалауына арналған музыкалық концерт өтті.
Концерттің билеттері бірнеше сағаттың ішінде сатылып кеткен, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат.
Өйткені арабияда әйелдерге концертке баруға, ал ән айтуға мүлде тыйым салынған. Сондықтан мұнда әйел әншінің карьерасы өте бұлыңғыр. “Құдайдан қорықсаңдаршы” деп жазды бұл концертті талқылаушы желідегі көпшілік.
«Концерт басталардан он күн бұрын билеттер сатылымға шығарылды. Алты сағаттың ішінде 3 мың билеттің жартысынан астамы сатылды», – дейді концертті ұйымдастырумен айналысатын компанияның басшысы Гада Гәзави. Кейбір орындардың бағасы 2,5 мың риалға (шамамен 700 АҚШ доллары) дейін жеткенін айта кеткен жөн.
Концертте араб ұлттық әндері айтылып, дәстүрлі билер көрермендерге тарту етілді.