Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қайсар жігіт”. Алматы облысының әкімі Елдос Баялшыбаев туралы айтты

Елдос он екі мүшесі сау адамдар жасай алмайтын дүниелерді жасап жүр. Өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектеседі. Талдықорғанда оңалту орталығын ұйымдастырды, әзірге ол тұрғын үйде орналасқан. Кейін Алакөлдің жағасында сауықтыру орталығын тұрғызды.

Бізде жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Елдосқа сол ғимараттан орын бөлдік, онда өзі сияқты жас жігіттер кезекшілік етеді. Олар мүгедектер мен сырқаты ауыр науқастарды қалаған жеріне тегін тасымалдайды. Біз оған барынша қолдау көрсетіп, қол ұшын созып жүрміз.

Жақында тағы да 50 мың еуро көлемінде грант ұтып алды, орталық салғысы келіп жүр. Қазір біз оған жер бөлдік, құрылысшыларды тартамыз”, — деді облыс әкімі.

Айтуынша, Елдос ашқан “Асар” орталығынан басқа облыстар да хабардар екен.

“Жақында Алматыда ардагерлер арасында волейболдан турнир болды. Сонда менің қасыма бір волейболшының әкесі келді. Ұлы жарақат алып, жүре алмай қалған екен.

Ол менен “сіздерде, Талдықорғанда “Асар” орталығы бар екен, онда менің ұлым сияқты балаларды емдейді. Ұлымды сол жерге апаруға бола ма?” деп сұрады. Көрдіңіздер ме, Елдос туралы басқа өңірлер де айтып жүр. Құдай оған күш-қуат берсін.

Біз оған әрдайым көмектесуге дайынбыз. Ол көпке үлгі. Сондықтан оны еш ойланбастан “Қазақстанның 100 жаңа есіміне” енгіздік”, — деді Баталов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз