Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Құдай қаласа, бала да туамын”. Баян Есентаева елді алдай алмайтынын айтты

276

Бұл менің өз-өзімді де, сол секілді елді де алдай алмайтынымды білдіреді.

Біз екі бірдей отбасыны бұзып алдық, оны мойындаймыз, бұл өте ауыр жағдай, оңай емес, әрине. Біз де қиналып кеттік. Бәріне уақыт керек. Сондықтан қазір бақыт туралы бірдеме айтуға әлі ерте. Бір анығы, біздің бір-бірімізге деген махаббатымыз шынайы.

Балалар бір-бірімен тілдеспейді. Өте өкінішті.

Алайда болашақта бұл жағдай түзеледі, бір-бірімізге жау емес екенімізді түсінісерміз дегенге сенгім келеді.

Сондай-ақ, актриса Баян Мақсатқызы қажет болса бұрыңғы күйеуінің тегін тастап, жаңа сүйіктісінің фамилиясын алу ойы бар екенін жасырмады.

«Алагөзов тегі маған ұнайды, керек болып жатса ол фамилияны аламын. Бұрыннан мен бір отбасының мүшелері бір текте болғаны дұрыс деп ойлайтынмын»,-деп қысқа қайырды.

Актриса мен оның жаңа сүйіктісі қазірге неке жүзіктерін тағып, өзара келісімге келген. Тек, тойларын барша жақындарын шақырып көктемде атап өтпекші екен.

«Мен және менің қыздарым бала күнімізден жұрттың талқысына түсуге үйреніп те кеттік. Қазір елдің сөзі Тұрсынға оңай тиіп жатқан жоқ. Уақыт келе ол үйреніп кетеді деген сенімдемін»,-деді продюсер.

Баян Мақсатқызы өзі жазып жатқан кітаптың мазмұны жайлы қысқаша айтып өтті.

«Мен онда ешкімге пысық болуды, байлыққа жетудің жолын үйретпеймін. Онда ешкімге айтпаған сырларым жазылады. Мен де қарапайым адам екенімді әр оқырманыма түсіндіргім келеді.

Мен де шатасып, қателесетін қарапайым адам екенімді ұқтырғым келеді. Кітап әйелдер қауымына арналған.

Менен идол адам жасаудың, маған ұқсауға тырысудың еш қажеті жоқ»,-деді продюсер.

Сөз соңында Баян Мақсатқызы денсаулығы ауырлап, қал үстінде жатқан кезде өзін қолдап, дұға тілегендерге басын иіп алғысын айтты. Өзін сынайтындардан кешірім сұрады.

«Мен әлі күнге дәрігер мен психологтың қарауында жүрмін. Бет-әлпетімдегі жарақаттарға әлі де ем қабылдауым керек»,-деді продюсер.

Сондай-ақ, ол жаңа отбасында сәби дүниеге келіп жатса оған да қарсы емес екенін жеткізді.

– Бәрі Құдайдың қолында. Егер бұйыртып, бала сүйдіртіп жатса, мен тек бақытты болар едім.

Ал жұрт айтып жүрген неке келісімшартын жаңа сүйіктісімен жасаспағанын, бизнесмен ғашығы қажет деп тапса оған да келісетінін айтты .

Айта кетелік, кеше Бақытбек Есентаев Алматы қаласы уақытша ұстау изольяторынан сот белгілеген жазасын өтеу үшін Алматы облысы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі тәртіпті түзеу колониясына ауыстырылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз