Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Құда жақтанмын ғой”. Астана мен Алматы тойларында ұрлық жасайтын адам ұсталды

Ер адам шын мәнінде той өтіп жатқан мейрамханаларға барып жүрген. Ол көбінде үйлену тойларына барып, уақытын көңілді өткізіп қана қоймай, заңсыз баюмен айналысқан. Құдалардың тарапынан келгендей болып, ер адам ұялы телефондарды алып кетіп жүрген.

Біздің аудан бойынша мұндай эпизодтардың саны қазіргі уақытта – 7″, – деп хабарлады Медеу аудандық ІІБ басшысы полиция полковнигі Есен Ысқақов.

https://kaz.365info.kz/astanada-toj-a-tuyspyn-dep-kirip-ketken-bejtanys-er-adam-ona-tardy-tonap-ketken-foto-232805

 

Осылайша, бұл азаматтың әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабында қарастырылған қылмыс белгілері бар, яғни бірнеше мәрте мүлік тонау қылмысы бойынша. Осы әрекетіне заңда жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, фигурант Астанадағы тойларда да ұялы телефон ұрлығына қатысы бар болуы мүмкін екені айтылып отыр.

“Болжамның бірі бойынша, ер адам Астанадағы той қонақтарын ұрлаған кезде видеоға түсіп қалған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық процесуальдық кодексінің 128-бабының тәртібінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп нақтылады Есен Ысқақов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз