Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

ҚТЖ-ның трансформациясы оны бұдан да зор алыпқа айналдырмақшы — депуттатар алаңдаулы

387

Осылайша, “Ақ жол” демпартиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Дания Еспаева премьер-министрінің орынбасары Р.В. Склярға сауал жолдады.

 

Сауалдың толық мәтінін ұсынып отырмыз:

“Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылатынын айтты.

Терминал операторларынан және нарықтың басқа да қатысушыларынан өтініштер келіп түсуде. Олар «ҚТЖ» АҚ мемлекет басшысының аталған тапсырмасын қалай орындауды жоспарлап отырғанына алаңдаушылық білдіреді, өйткені, ҚТЖ-ның көлік саласындағы рөлі мен орны тасымалдау және логистика нарығына тығыз байланысты болып табылады.

Компания басшылығы бизнесті қатты алаңдатып отырған трансформация туралы өзінің көзқарасын ұсынды.

Осылайша, ҚТЖ Maersk, Evergreen, Deutsche Bahn AG сияқты транзиттік-логистикалық корпорациялардың мысалдарына назар аударады.

Deutsche Bahn AG олигополияны болдырмау үшін көпжылдық өзгерістерден кейін жиырма шақты тәуелсіз құрылымдарға бөлінді. Әлемдік теңіз тасымалы нарығының үлкен бөлігін бақылайтын Maersk және Ever green теңіз желілері біржақты тәртіпте тасымалдау тарифтерін өзгерте бастады, маусымдық кезең үшін қосымша төлемдер енгізе бастады, бұл олардың тасымалдау бағасының 4-5 есе өсуіне және жеткізілім мерзімдерінің тұрақсыздығына әкелді.

Нарық қатысушыларының пікірінше, ҚТЖ-ның өзі мәлімдеген күйіндегі трансформациясы бастапқы кезеңде демпингке (бәсекелестерді жою мақсатында), ал, одан әрі тарифтердің өсуіне не қызметтер құнына басқа да үстемақылар қосылуына әкелуі мүмкін.

Мұның бәрі монополистерде сыбайлас жемқорлықтың күшеюінің салдары болады. «ҚТЖ» АҚ Көлік-логистикалық корпорациясына трансформациялау  тұжырымдамасындағы бизнестің ерекше наразылығы компанияның логистикалық қызметі жүргізіліп жатқан реттеудің шеңберінен тыс болуы тиіс деген нұсқауды туындатады. Басқаша айтқанда, жаңа монополистің қызметі адал бәсекелестік пен қарсы әріптестер алдындағы міндеттемелер талаптарының бақылауында болмайды.

Осыған байланысты «ҚТЖ» АҚ трансформациясында жеке бизнестің мүдделерін қорғау туралы мәселе туындайды. Мұндай трансформация ҚТЖ-ның монополиялық өкілеттіктерін нарықтағы бұдан да үлкен алыпқа айналдырмай ма?

Неліктен қазақстандық жеке бизнес өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ны транзиттік-логистикалық корпорацияға айналдыруды талқылауға тартылмаған. Сектордың ел экономикасына қатысуын азайту туралы мәлімдемелерді ескере отырып, бірқатар сұрақтар туындайды. Атап айтқанда:

1) Неліктен компания басшылығының ҚТЖ-ын ұлттық көлік-логистикалық компаниясына айналдыру тәсілдері Мемлекет басшысының биыл 1-қыркүйектегі Жолдауында берілген теміржол саласының экономикасына мемлекеттің қатысуын азайту және монополиясыздандыру жөніндегі тапсырмаларына қайшы келеді?

2) Аталған тұжырымдама – уәкілетті мемлекеттік органдардың теміржол қызметтері нарығын одан әрі монополияландыру және нарықтағы жеке бизнестің үлесін азайту жөніндегі мақсатты ұстанымы болып табыла ма?

3) Мемлекеттік органдардың темір жол жүк тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамыту және ырықтандыру жөніндегі жоспарлары бар ма?

4) Аталған тұжырымдама іске асырылған жағдайда КСО компаниясының жүздеген темір жол тұйықтарын басып алуына ұқсас жағдай қайталанбай ма? Сол кезде «Ақ жол» демократиялық партиясының 4 рет жіберген сауалдарынан соң 5 жылдан кейін монополия заңсыз деп танылып, ұйымдастырушылар қазіргі таңға дейін жалғасып жатқан сотқа жүгінген болатын.

Құрметпен, «Ақ жол» партиясының депутаттары

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз