Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы 7,5 жылға сотталды

Дүтбаевты генерал-лейтенант әскери шенінен және мемлекеттік сыйлығынан айыру туралы ұсыныс енгізілді”, – делінген ҚР Әскери сотының сайтында.

Осы іс бойынша тағы бір фигурант Р.Мұратов осындай қылмыс (ҚР ҚК-нің 172-бабы мен 451-бабы) жасады деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды.

Н.Хасен мемлекеттік құпияны жария етті (ҚР ҚК-нің 172-бабы) және қызметтік өкілін асыра пайдаланды (ҚР ҚК-нің 308-бабы) деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды. Оны да мемлекеттік сыйлықтан айыру туралы ұсыныс енгізілген.

Е.Нұртаев мемлекеттік құпияны жария етуге қолғабыс етті деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, ол да өмір бойына мемлекеттік қызметке тұра алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дүтбаев 2016 жылдың 28 желтоқсанында ұсталған болатын. Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметін атқарған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз