Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

ҚР СІМ Қытайда қазақстандық студент қыз ұсталды деген мәліметке қатысты түсінік берді

“Біз бұл мәліметті тексеріп жатырмыз. Дәл қазір БАҚ-тарда есімі көрсетілген қыздың туыстары не қыздың өзі Сыртқы істер министрлігіне, Бейжіңдегі Қазақстан елшілігіне, ҚР СІМ паспорттық-визалық қызметіне немесе Үрімшіге хабарласпағанын айта аламын. Алдын ала мәлімет бойынша, Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының сыртқы істер басқармасындағыларда да қазақстандық студент қызға қатысты ешқандай мәлімет жоқ. Қыздың туыстарынан хабар келіп түссе, біз тексеріс жүргіземіз. Бірақ дәл қазір бізде қазақстандық студент қызға қатысты қандай да бір мәліметтер немесе оның ұсталғаны жайлы мәлімет жоқ”, – деді Әнуар Жайнақов.

Осыған дейін Qamshy.kz rfa.org басылымына сілтеме жасай отырып Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік университетінің студенті Аққу Еренбектің ұсталғаны жайлы хабарлаған болатын. БАҚ мәліметінше, бұл оқиға Майқапшағай-Жеменей шекара пунктінде болған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз