Ел аузында жүріп, санын ашып, түрлі әртіс жігіттермен жұлқына билеп, одан қалса сүйісіп хайп жасаудан шаршамайтын Кәмшат Жолдыбаева биыл өзге әріптестерінен асып түсті.
Серікзат Дүйсенғазы өнерде жүрген жас буынды халықты арзан дүниемен алдамауға шақырып, халықтың оларды онсыз да бағалайтынын айтты.
«Осындай арзан дүниеге барып жүрген інілерім, қарындастарым бар. Онсыз да халық оларды бағалайды. Халықты ондай дүниемен алдауға болмайды. Ол уақытша нәрсе. Сол ақшаға малданып, олар қадірін сатып жатыр.
Қыз балалар елдің алдына шешініп шығып, жартылай жалаңаш шығып елді елең еткіземін деп ойлайды. Бірақ жалаңаш дүниенің қадірі болмайды ғой. Қадірін ақшаға сатқандары, әрине өкінішті»
– дейді айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы.