Қостанай қаласындағы ықшам аудандардың бірінен 21 жастағы жігіттің өлі денесі табылды. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
«Қостанай қаласының Солтүстік-Батыс ауданындағы «Юбилейный» тұрғын үй кешенінің маңында газ құбырын жүргізуге арналған шұңқырдан Затобольск ауылында жоғалып кеткен 1997 жылы туылған жігіттің өлі денесі табылды. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері табылмады», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.