Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қостанай облысында 2 мыңнан аса адам жазықсыз атылды – тарихшы

Аша тұяқ қалмасын, асыра сілтеу болмасын! Голощекиндік ұранның ақыры халықты тақырға отырғызды. Малынан айырылған ел нан іздеп босып кетті. Аштықтың ресми айтылмаған сұмдығын Алмас Әбсадық әжесі Кәмиша Құлтайқызынан көп естіді.

Алмас Әбсадық, филология ғылымдарының докторы:

– Адамдардың тышқан, кірпі, тіпті адамның өзін жегендігін айтып отыратын. Ол сөздер құлағымызда қалған. Әжеміздің өзі қоңдылау кісі болған. Соны сойып жеп қояды деп қорыққан.

Қазір осының бәрі ашық жазыла бастады. Құпия мәліметтер де ғалымдардың қолына тиді.

Алмас Әбсадық, филология ғылымдарының докторы:

– 1930 жылы Қазақстанда 5 млн 873 мың тұрғын ауылдық жерде тұрған деп береді да, енді 1933 жылға келгенде 2 437 500 деп көрсетеді. Осы дерекке қарасақ, 3 млн 300 мың адам құрбан болған, әрине оның бәрін қазақтар деп есептемейік, кемінде 500 мыңын алып тастасақ, сонда бізде 3 млн, 2 млн 800 адам құрбан болды деп айтуға болады. Бұл қолдан жасалған саясат еді.

Аштықтан әзер ес жиған елге сталиндік репрессияның қара бұлты төнгені белгілі. Бұл науқан ұлттың бетке шығар қаймақтарын қалқып алды. Ғалихан Мәулетов ғұмырының ұзақ жылын саяси қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеуге арнады. Құпия құжаттарды ақтарды. Жиған-тергенін бірнеше кітап қылып бастырды. «Мұның бәрі коммунисттік партияның жоспарлы ісі» дейді қаламгер.

Ғалихан Мәулетов, қуғын-сүргін құрбандары тағдырын зеттеуші:

– Мұнда партия нұсқау беріп отырды, қай облыста қанша адамды ату керек, қаншасын итжеккенге жіберу керек, сосын облысқа келіп түскен тапсырманы аудандарға бөледі, соны НКВД орындайды. НКВД-ны мұнда мақтауға болмайды, олар заңсыз бұйрықты орындағандар. Бірақ қуғын-сүргінді бастаған партия. Кеңестік қудалау ұлттың генофондына, руханиятына өлшеусіз кесірін әкелді. Мұны өскелең ұрпақ біліп өсуі парыз.

Қаралы дәуірді еске салып тұру үшін Қостанайда саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған монумет орнатылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз