Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қостанайда оқушы қыз өзін зорлаған көршісінен туып алды

Олар қыздан баланың әкесі кім екенін айтуын талап еткенде, оқушы қыз өзін көршісі зорлап кеткенін мойындауға мәжбүр боыпты. Қыздың отбасы сол көршісімен бірге бір үйді екі иеге бөліп тұрған екен. Өз кезегінде қыздың анасы полицияға шағымданып, құқық қорғаушылар оны тұтқындады.

Бастапқыда ер адам барлығын жоққа шығарып, кінәсін мойындамады. Алайда оны азаматтық некедегі әйелі ДНҚ сараптамасының жасалуын талап еткен. Өз кезегінде сараптама тұтқындалған ер адамның сәбидің әкесі екенін растады.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде ер адам қызды зорлағаннан кейін, онымен тағы бірнеше рет жақын қарым-қатынаста болғаны анықталды. Алайда ер адам кейінгі кездесулерінің екі тараптың келісімі бойынша болғанын айтты.

Ер адам өз әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктен қашу үшін, сот тыңдалымы кезінде оқушы қызға үйлену туралы ұсыныс та жасады. Алайда бұл ұсынысы айыпталушыны құтқарған жоқ.

Сот шешімі бойынша, ол кінәлі деп танылып, 11,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз