Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қорықпау керек”. Профессор қояншықтан құлан таза айығып кетуге болатынын айтты

309

Эпилепсияның қазақша атауы — қояншық. Атауына өзгелер түгілі науқастар үрке қарайды. Емделуге немесе өзгелерге ашық айтуға құлық танытпайтыны сондықтан болар. Бұл — бас-мидың созылмалы ауруы.Кезінде қояншықты жазылмайтын кесел деп қарап келген. Алайда невропатолог пен психотерапевт мамандары құлан таза айығудың жолын тауыпты.

Андрей Петрухин, медицина ғылымдарының докторы, професор: 

– Эпилепсияға шалдыққан науқастардың 25 пайызына ота жасаймыз. Бұл үшін мидағы эпилепсия шақырып тұрған ошақты анықтап алып, сол жерге хирургиялық ем жүргіземіз.

Яғни, кейбір эпилепсия түрлері ісік сияқты көрінбей, клеткалардың арасында эпилепсия ошақтары болады. Біз соларды анықтап, алып тастаймыз. Ресейде біз жылына мұндай жүзден аса операция жасаймыз. Ең бастысы, бұл ота эпилепсия ауруынан толық айығып кетуге көмектеседі.

Шетелдік профессорлар эпилепсия аурын отамен емдеудің жолынан бөлек жүктілік кезінде кездесетін қояншық дерті туралы да кеңестерімен бөлісті. Мамандардың айтуынша, мұндай ауруға шалдыққан жүкті әйелдер эпилепсияға қарсы дәрі-дәрмектерді тұрақты түрде ішіп тұру керек. Бұл препараттардың бала көтеруге, тууға және емізуге ешқандай зияны жоқ көрінеді.

Павел Власов, медицина ғылымдарының докторы, професор:

«Егер жүктілік жоспарланған болса, эпилепсияға шалдыққан әйелдерге бала тууына еш алаңдауға себеп жоқ.

Қазіргі кезде акушерлер бала көтергенде әйелдерге эпилепсияға қарсы дәрі ішпеуге кеңес береді. Бұл дұрыс емес.

Керісінше, бұл препараттар ауруды жеңуге зор көмектеседі. Әрі ана мен баланың денсаулығына қауіпсіз деп едім.»

Айта кетейік, әлемде эпилепсиядан 50 млн адам зардап шегеді. Ал біздің өңірде диспансерлік есепке алынғандар саны 1400 адамға жуықтайды. Бұл тіркелгені ғана. Себебі, арланып, ауруын жасыратындар мен «қазақшылық» ем-домның айналасынан шықпайтындар көп.

Ресейлік дәрігерлер өткізетін шеберлік сабағы 13-қазанға дейін жалғасты. Екі күн бойы күнгейлік ақ халаттылар қояншық дертінің емдеу жолын меңгеріп, шетелдік мамандардан тәжірибесін үйренеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз